Мүгедек балаларға оңалту бойынша көмек республикалық маңыздылығы бар 2 орталықта және аймақтың деңгейдегі 55 оңалту орталықтарында көрсетіледі. Алайда, оңалту тұрақты емес, кезек бойынша көрсетіледі және қамту бойынша пайыздық көрсеткіштерінің нақты саны жоқ. Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, мемлекет баланың диагнозына қарай оңалтуға жылына кем дегенде бірнеше рет жіберіп тұры керек. Шындығына келгенде балалар жылына нәбері бір рет қана ем алады. Осы мәселені шешу үшін құрылған аймақтық деңгейдегі оңалту орталықтары аталмыш мәселені шеше алмауда – сауықтыру бағдарламаларының саны балаға көмекті қажетті даңгейде алуға мүмкіндік бермей отыр.
«Ерекеше баланың лайықты дамуы және қоғамдағы орны тек қана жеңілдіктер мен қайырымдылықпен белгіленбейді, сонымен қатар бұл маңызды мәселеде заңдарды әзірлеуде және халықты ағарту жөнінде кідіріссіз және тиімді шараларды қабылдауға мемлекеттің құқықтық міндеттерімен айқындалады», – дейді Айгүл Шакибаева. «Өкініше орай, білім алу мәселесінде ерекше қажеттіліктері бар балалары бар ата-аналардың бәрі бірдей өз құқықтарын және өз балаларының құқықтарын біле бермейді. Ол туралы сұрауға біреулері ұялса, енді біреулерінде мүмкіндігі болмайды. Жобаның алты ай мерзімінде мен жобаның Фэйсбук және Инстаграм парақшаларында, сонымен қатар WhatsApp (8 775 937 6117) бойынша ақысыз түрде құқықтық кеңестер өткіземін. Осы парақшаларға жазылуларыңызды өтінемін және қандай да бір сұрақтарыңызбен маған хабарлассаңыздар болады».
Жоба аясында Алматы және Қостанай қалаларында құқықтық семинарлар жоспарланған, олардың алғашқысы 28 шілдеде Қостанайда өтетін болады. Толығырақ жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.
Бұл жоба Сорос-Қазақстан Қорының «Адам құқтары» бағдарламасының Анна Александрова атындағы жыл сайынғы байқаудың екі жеңімпазының бірі болып табылады. Осы жылдың байқауы және жеңімпаздары туралы толығырақ мына сілтеме арқылы біле аласыздар.