05/05/2017
«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2017 оқу жылы» байқауының қорытындысы
25/04/2017
Бюджет ашықтығы бойынша жобаның қорытындысы
11/05/2017

Анна Александрова атындағы байқаудың қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында Сорос-Қазақстан қорының бұрынғы басқарма төрайымы Анна Александрова атындағы байқаудың қорытындысын шығарды. Анна Александрова (1976-2011) өз өмірін адам құқықтарын қорғау мен әлеуметтік әділеттік қағидаларын алға жылжытуға арнады.

Бұл жыл сайынғы байқау Қордың Қамқоршылар кеңесімен әлеуметтік осал топтардың құқын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында тағайындалған болатын.

Ағымдағы жылы байқауға 38 сұраным келіп түсті, соның ішінде Қордың Қамқоршылар кеңесі екі сұранымды жеңімпаз деп таныды. Олар:

  • «Тұран» ҮЕҰ-ның «Павлодар қаласында ЖИТС-пен тұратын адамдардың, сонымен қатар арасында ЖИТС-ке душар болған иньекциялық есірткіні қолданушылардың құқын қорғауға және әлеуметтік әділеттік қағидаларын алға жылжытуға бағытталған адвокациялық қызмет» жобасы. Жоба осы топтағы адамдардың құқын қорғау мәселесіне көпшіліктің назарын аудару үшін ақпараттық кампанияны жүргізуге және осы топқа толеранттылықтың дамуына атсалысу.
  • Шакибаева Айгүл Ғабитовнаның «Мүгедектік мәселесіне отбасы деңгейін қоса бүкіл қоғамның ақпараттану деңгейін көтеру, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ар-ожданы мен құқына деген құрметті нығайту» жобасы. Жоба мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балалары бар ата-аналар үшін құқықтық және ақпараттық-түсіндіру семинарларын өткізу.