20/09/2016
В Семее в рамках проекта «GeoHunt» пройдет очередной круглый стол
21/07/2016
Дно барреля: почему сегодня нельзя делать, как вчера?
12/10/2016

САРАПШЫЛАР АЗАМАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ТАРТУДЫ ҰСЫНЫП ОТЫР

Алматы, 2016 жылдың 20  қыркүйегі  – Қазақстан Баспасөз клубында сағат 12:00-де «Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы» ҚБ-нің Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен ұйымдастырған мемлекеттік бюджетті талқылау барысына азаматтарды тарту мәселелеріне арналған баспасөз мәжілісі өтеді.

Қазақстандағы бюджет әлеуметке бағдарланған, сондықтан азаматтардың әл-ауқатына тікелей ықпал жасайды. Дегенмен, халық бюджет жобасын талқылауға қатыспайды және де оны қалыптастыруға ешқалай ықпал жасай алмай отыр. Осы ретте қоғамдық тыңдаулар жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы диалогтың бір түрі болып табылады және оның іргетасында азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру жөніндегі келіссөздер жататындығы белгілі.

«Қоғамдық кеңестер туралы» заңда бюджет бағдарламаларының жобасын бұқара арасында талқылау үшін қоғамдық тыңдауларды өткізуге заң жүзінде мүмкіндік беру қарастырылған, оларды қоғамдық кеңестер өткізуі тиіс. ҚР Бюджет кодексіне сәйкес облыстық бюджетті, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларының бюджеттерін қарастыру және белгілеу ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады, ал жергілікті бюджет жобасы 15 қазанға дейін тиісті мәслихатқа енгізілуі тиіс. Осыған орай жергілікті атқарушы және өкілдік органдарды, сондай-ақ, қоғамдық кеңестерді бюджет жобасына арналған қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға шақырамыз», — деді «Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы» ҚБ-нің  директоры Әсел Қырықбаева.

«Ашық бюджет» порталында (www.budget.egov.kz) жергілікті және орталық органдар бюджет бағдарламаларының жобаларын жариялап отырады. Онда пікірлер мен ұсыныстарды енгізу мүмкіндігі қарастырылған, яғни қалаған адам талқылау барысына атсалыса алады.

«Қаржы министрлігі өз сайтында 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын орналаастырып, азаматтық бюджет пен инфографикаларды тұрақты түрде жариялап отырады, осылайша есеп беру және айқындық деңгейі жоғары екендігін көрсетіп отыр. Өкінішке орай, жергілікті атқарушы және өкілдік органдар туралы бұлай айта алмайсың. Жергілікті деңгейдегі мәслихаттар мен қаржы басқармалары өз сайттарында жергілік бюджет жобаларын жариялауды әдетке айналдырмаған, қоғамдық тыңдауларды өткізбейді. Бюджетті қалыптастыру және бекіту кезеңінде  азаматтарды бюджет жобасын талқылауға тарту бюджет қаржысының тиімділігі мен дұрыс пайдаланылуын арттыруға арналған тетіктердің бірі болып табылады», — деп атап өтті «ZertteuResearchInstitute» ҚҚ директоры  Шолпан Әйтенова.

Бюджет үрдісі кез келген мемлекетте аса маңызды мәселе болғандықтан, мемлекеттік саясаттың нағыз бейнесін көрсетеді, ал ол жарияланған стратегиялық бағдардан ерекшеленуі мүмкін. Осы үрдісті жүзеге асырудың нәтижесінде табыстарды қайта үлестіру арқылы қоғам қажеттіліктері қанағаттандырылатын болады. Бюджет үрдісіне қатысу, бюджетті жоспарлау және қарастырудың ерте кезеңінде  жұртшылықты тарту қоғам мен жекелеген әрбір азаматтың барынша тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасайды.

«Жергілікті бюджетті қалыптастырудың айқындылығын арттыру, мемлекеттік органдардың халықпен кері байланыс жасауы нәтижесінде бюджет ел азаматтарының барлығына айтарлықтай ықпал етіп отырған мәселелерге бағытталатын болады», — деп есептейді «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектер қоғамы» ҚБ директоры  Қайрат Иманәлиев.

Қосымша ақпаратӘсел Қырықбаева, «Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы» ҚБ директоры, Алматы қ., +7777 247 9944, centerlera@gmail.com

Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі туралы

2008 жылдың сәуірінде бюджетке талдау, мониторинг жүргізу және қоғамды бюджет үрдісіне қатыстыру саласында қызмет жасайтын үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның Ұлттық бюджет желісін құру бастамасын көтерді. Ұлттық бюджет желісінің мақсаты азаматтар мен ҮЕҰ-ды бюджет үрдісіне тарту, мемлекеттік басқару органдарының айқындық және есеп беру деңгейін, азаматтардың осы іске атсалысуын көтеру арқылы бюджет бағдарламаларының, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру нәтижесінде азаматтардың әл-ауқатын жақсарту.

Толығырақ ақпарат: www.budget.kz

Сорос-Қазақстан Қоры туралы

Сорос-Қазақстан Қоры – Қазақстанда ашық қоғам құндылықтарын ілгерілетуді мақсат тұтқан үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы.

Толығырақ ақпарат:www.soros.kz