17 наурыз 2015 ж. сағат 11:30 (Renion Residence қонақ үйі, Қайырбеков к-сі, 42 Гоголь к-сі қиылысы) — «Паллиативті көмек Қазақстандық Қауымдастығы» ЗТҰ Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен заманауи тәсілдер бойынша паллиативтік көмек көрсетуде емделушілерде ауруды алу бойынша оқыту курсына арналған баспасөз конференциясын өткізеді.
Төтенше қажеттіліктің болғанына қарамастан, Қазақстанда паллиативтік көмек әлі де дамымаған. Ауруды емдеуде опиодты анальгетиктерді пайдалану деңгейі бойынша Қазақстан әлемде ең соңғы орындарды иеленеді, ал медицинада есірткі препараттарын пайдалану заңы аса қатал болғандықтан, жазылмас дертке ұшыраған қазақстандықтар азап шегуде. Жалпы алғанда аталмыш мәселенің алдын жеңіл алуға болар еді. Тағы бір проблема — паллиативтік медицина бойынша оқыған дәрігерлер мен ауру жөніндегі мамандардың болмауы.
2013 жылы бірнеше қоғамдық ұйымдардың күшімен Қазақстанда паллиативтік көмектің кешенді жүйесін құру мақсатында, мемлекет, қоғам, медицина және бизнес өкілдері күштерін бірігуге шақырған, үздік әлемдік тәжірибеге сай келетін Паллиативтік Көмек көрсету бойынша Қазақстандық Қауымдастығы (ПКҚҚ) құрылды. ПКҚҚ жобаларының бірі ауруды заманауи тәсілдермен емдейтін мамандарды дайындау болып табылады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 25 дәрігер бір апта бойы Солтүстік Ирландия хосписының бас дәрігері профессор Максвелл Уотсаннан тәлім алады. Тілек білдірген барлық медицина қызметкерлері үшін қосымша материалдар www.palliative.kz ақпаратты-әдістемелік веб-ресурсында орналасқан.
«Бүгінгі күні, ауруды сезіну – Қазақстандағы айықпас дертке ұшыраған аурулардың басты шешілмеген проблемасы», — дейді ПКҚҚ президенті Гүлнара Күнірова. «Опиоидты анальгетиктерді алудағы күрделі бюрократиялық процесс, тіркелген препараттардың шектеулі болуы, ауруды емдеуде білімнің жетіспеушілігі біздің пациенттерді және олардың отбасыларын жанкешті күйге жеткізуде. Мамандарды дұрыс дайындаса, сондай-ақ кейбір қажетсіз шектеулер алынса, мұның бәрінен құтылуға болар еді».
«Біз паллиативтік көмек көрсету бойынша энтузиастардың мамандарды ең заманауи тәсілдермен ауруды емдеуге үйретуге бағытталған бастамасын қолдаймыз», — дейді «Сорос-Қазақстан Қорының «Адам құқығы» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева. «Біз осы курс арқасында емделушілердің басым бөлігі өмірлерінің сапасын айтарлықтай жақсарта алады деп сенеміз».
Баспасөз-конференциясына проф. Максвелл Уотсон (Солтүстік Ирландия хосписының бас дәрігері), проф. Валенитна Сирота (ҚарММУ онкогология кафедрасының меңгерушісі), Айжан Ошақбаева (Сорос-Қазақстан Қорының «Адам құқығы» бағдарламасының үйлестіруішісі), Гүлнара Күнірова (Паллиативті Көмек Қазақстандық Қауымдастығының президенті) және Надежда Козаченко («Кредо» ҚҚ директоры) қатысады.
Қосымша ақпарат бойынша кездесу үйлестірушісі Анель Дәулетке palliative.kz@gmail.com, +7 708 971 8366, 971-8366 хабарласыңыздар.