Астана, 30 мамыр, 2014 жыл, сағат 18-00 – Ілияс Жансүгіров қоғамдық қоры, «Nedelka Projekt» арт-бастамасы және ҚР Тәуелсіздік Сарайы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «1937: Жоқтау – еске алу аймағы» арт-жобасын ұсынады.
Көрме 31-мамыр —Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ашылмақ. Сол жылдары саяси репрессиялар жалыны Қазақстандағы әрбір дерлік отбасыны шарпып өтті, барлық ұлт пен ұлыс өкілдерін жалмады. Қазақстан жаппай репрессиялар мен ата-бабасының мекенінен айдалған ұлттардың мыңдаған өкілдерінің күштеп қоныс аударған жерінің орталығыа айналды.
Қоғамның ХХ ғасырда басынан өткерген большевистік репрессиялардың ауқымы мен зардаптары – көптеген азаматтардың, әсіресе жастардың санасындағы әлі аз зерттелген, ал кейбіреулері үшін тіпті тарихтың белгісіз парағы болып табылады.
«Тарихты зерттеуден басқа ешнәрсе ұлттық мақтаныш пен сана-сезімнің дамуына соншалықты ықпалын тигізбейді. Халықтың шынайы тарихы жанданбайынша ұлттық сана-сезімнің жаңаруы мүмкін емес», – дейді белгілі қазақстандық кинематографист Ермек Тұрсынов.
«1937: Жоқтау – еске алу аймағы» арт-жобасының миссиясы – әртүрлі буындағы суретшілердің туындылары арқылы репрессияның табиғатын, оның заманауи қоғам үшін тереңдігі мен зардаптарын ұғыну.
«Репрессия заманында, яғни олар жүйенің әрекеті мен болмысына айналған, үйлесімділікке, адами болмысқа қарсы шектен тыс қатыгездік орын алып отырған жағдайда осыны таныған аса маңызды. Және шынайы суретшілер барлығын жақсы сезініп және әрдайым соған ден қойып отырады»,- дейді мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.
«1937: Жоқтау – еске алу аймағы» арт-жобасында ұсынылған туындылар пішіні бойынша әртүрлі медиа тәсілдермен жасалған, алайда олар ортақ кеңістікте бір мақсатқа арнап жинақталған: ұмыт болуға, қайталауға жол бермеу. «Өнердің мәңгі өшпес құндылығы – оның эмоциялық сезім арқылы адамның жүрегі мен жан-дүниесіне және одан әрі оның сана-сезіміне зор әсер ету күшінде»- дейді Ілияс Жансүгіров Қорының президенті Ажар Жандосова.
Қосымша ақпарат алу үшін Ажар Жандосоваға келесі тел: + 7 777 213 05 60 не болмаса azhar.jandossova59@gmail.com электр. пошта арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.