14/10/2011
Сорос-Қазақстан Қоры соңғы екі жылдағы жұмысының қорытындысын жариялады
12/10/2011
Көпжақты кеңестер әлеуметтік инвестициялық жобалардың тиімділігін қамтамасыз ете алады
25/10/2011

Қазақстан Республикасындағы жастар ҮЕҰ: кім, неліктен және қалай?

АЛМАТЫ, 14-қазан2011 ж.–Сорос-ҚазақстанҚоры(СҚҚ) ҚазақстандағыжастарҮЕҰ-дарықызметініңерекшеліктерінталқылауүшін «Қазақстан Республикасындағы жастар ҮЕҰ-дары: қиындықтарменмүмкіндіктер»атты дөңгелек үстелін өткізді. Бұл дөңгелек үстел СҚҚ-ның «Жас зерттеушілер» жобасы аясында белсенді жастардың тарапынан зерттелген мәселелер төңірегінде сұхбаттық алаң құру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сұхбат барысында қазақстандық және халықаралық сарапшылар, өкілетті мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері жастар ҮЕҰ-дарының жұмысындағы қиындықтар, нәтижелі және тұрақты қызметтің факторлары, қаржы көздерін табу мен көпшіліктің назарын аударудың  тиімді тәсілдері сияқты сұрақтарды ортаға салды.

ҮЕҰ-дардың есеп берушілік мәселелерін зерттеуші Айнұр Нұртайдың ойынша «Жастар ҮЕҰ-дары қызметі өзінің мақсатты топтары үшін ашық және есеп берушілігі жоғары болуы тиіс. Бұл осы ұйымдардың табыстылығы мен тұрақтылығының ең маңызды алғы шарттарының бірі болып табылады, және олардың қызметі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге қаншалықты әсер ететінін қадағалауға мүмкіндік береді».

Қазақстанның жастар ақпарат қызметінің жетекшісі Ирина Медникованың пайымдауынша «Қазақстандағы жастар ҮЕҰ-дарының даму мәселесі – өте өзекті тақырып. Мұндай ұйымдар өз қызметіне донорлардың, мемлекеттің және сарапшылар қауымдастығының назарын аударуда біраз қиындықтарға тап болады…».

Сорос-Қазақстан Қорының бағдарламалар директоры Антон Артеьмев «…жастар қоғамды толғандырып отырған кез келген сұхбаттың толық құқылы қатысушы болуы тиіс» екеніне сенімді. «Біздің Қор қоғамдық саясат саласындағы алғашқа қадамдарын жасап келе жатқан жас мамандарға олардың әртүрлі тақырыптардағы зерттеу жұмыстарын қолдау арқылы көмек көрсетуге тырысамыз».

Жастардың ҮЕҰ-дардағы нәтижелі қызметі мәселелерін зерттей келе жас сарапшылар мемлекет жастар әлеуметтік жобаларын қаржыландыру саясатын дайындау кезінде жастардың ой-пікірін есепке алуы тиіс деген қорытындыға келді. Ал өз кезегінде, жастар ҮЕҰ-дары стратегиялық жоспарлау, фандрайзинг, әлеуметтік маңызы бар жобаларды басқару және ілгері жылжыту дағдыларын дамыта отырып, осы қаржылардың тиімді де ұқыпты жұмсалуына жауапты.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Зарифа Тажиева, қоғаммен байланыс жөніндегі директор
Сорос-Қазақстан Қоры
Тел.:+7 727 250 3811
E-mail: youth@soros.kzac@soros.kz