КЛЕРМОНТ, КАЛИФОРНИЯ – Қытай көшбасшысы жолы болғыштық қасиетінен мүлдем айырылып қалған сыңайлы. АҚШ-пен арадағы сауда соғысынан бастап, Гонкогтағы дағдарыс және ондағы адам құқығы мәселесінің халықаралық сынға ұшырауы президент Си Цзиньпин үшін 2019 жылды сәтсіз етті. Келер жыл да бұдан өткен жайтқа толы болуы әбден мүмкін.
Қытай өткен мамырда АҚШ-пен сауда тартысына нүкте қойғанда, әлсіреп тұрған экономикасына айтарлықтай серпіліс жасайтын мүмкіндігі бар еді. Дегенмен америкалық келіссөз жүргізушілер шешілді деп таныған бірқатар мәселелерді Қытай билігі соңғы минутта жоққа шығарды. Арадағы сауда шиеленісінен үлкен шығын көрген президент Дональд Трамп ашуға бой алдырып, есесін қайтарды.
Ол жаңа тарифтерді енгізумен қатар Қытайдың өмірге қажеттітехнологияға қолжетімділігін шектей бастады. Екі аптаның ішінде сауда келісімі өз күшін жойып, Трамп америкалық компаниялардың АҚШ әкімшілігінің пікірінше ұлттық қауіпсіздікке зиянын келтіруі мүмкін болатын өндірушілердің телекоммуникациялық құралдарын қолдануға тыйым салатын үкімет жарлығына қол қойды. Тізім басында тұрған Қытайдың технологиялық алпауыт компаниясы Huawei-ге Трамп бірнеше ай бойы санкция салуға тырысып баққан-ды.
АҚШ пен Қытай арадағы жаңа сауда келісімінің «алғашқы фазасын» жариялаған шақта технологиялық шиеленіс екі держава арасындағы одан да күрделі қақтығыс сияқты жалғасын тауып жатты. Қытай экономикасының сыртқы әлемге тәуелді екенін және бір партиялы басқару легитимділігін қолдауға бағытталған өмір сүру стандарттарының жоғарылауын ескерсек, жоғарыда аталған жағдай Си Цзиньпин проблемаларының азаймайтынын аңғартса керек.
Келесі мәселе 1997 жылы Қытай иелігіне өткен уақыттан бастап ең күрделі саяси дағдарысқа ұшыраған Гонконг төңірегінде өршіді. Гонгконгтағы наразылық қала әкімшілігінің жетекшісі күдіктілерді қаладан құрлыққа өткізуді оңтайландыратын экстрадициялау туралы заң жобасын қолға алған кезде басталған. Бұндай заңды орталық үкімет кампаниясының арнайы әкімшілік аймақтарда бақылауды күшейтуі деп қабылдаған халық наразылық танытып, көшеге шықты.
Билік қала тұрғындарының талабына көнуден бас тартады, салдарынан шерушілер ызаланып, наразы адам саны артады. Осылайша Азияның қаржы орталығы шайқас алаңына айналады. Арнайы полиция жасағы көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атса, қара киімді шерушілер жауап ретінде Молотов коктейлі мен кірпішті қолданған. Ресми түрде заң жобасы кері қайтарылғаннан бері біраз уақыт өтті, бірақ «жынды қайта құтыға қайта тығу» тым кеш еді. Мыңдаған тұтқынға алу әрекетіне қарамастан, наразы топ әлі де басылар емес.
Жарты жылдан аса уақытқа созылған толқудан кейін, қарашаның аяғында демократиялық күштер (таласқа түскен 452 орынның 388-не сайланды) жергілікті аймақтық сайлауда 3 миллион дауыс берушілердің арқасында жеңіске жетіп, Қытай үкіметі қорлық көргендей болады. Бұл тұрғыда 1989 жылғы Тяньаньмэнь алаңындағы қырғынды еске салатын наразылық соңы салыстырмалы түрде өзгеше аяқталуы мүмкін әрі Си Цзиньпинге қабылдауға боларлық шешім шеңберін тарылтпақ.
Қарашада тағы бір соны мәселе Қытай президентінің басына бұлттай үйірілді. The New York Times Шыңжаң аймағындағы этникалық аз топты өкілдерін, әсіресе мұсылман ұйғырларды жаппай тұтқындауға қатысты Қытайдың 400 беттік ішкі құжатына қол жеткізді. Мұндай құпия материалдар Қытай билігінің өзіне ғана белгілі. Бұдан келіп Си Цзиньпиннің саяси дұшпандары оның халықаралықбеделіне нұқсан келтіру үшін құжаттарды әдейі батыс баспасөзіне жариялап жіберген деп топшылауға болады.
Си Цзиньпин Тайваньді бақылауда ұстау ықпалынан айырылып отыр. Өткен жылдың соңында президент Цай Инвэн басқаратын тәуелсіздікті жақтаушы Демократиялық Прогрессивті партия жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жетеді. Гонконгтегі наразылық шеруі бұрқ ете қалған уақыттан бастап Цай Тайваньды «бір ел, екі жүйе» моделін жаұтаушы Қытай билігінен Тайваньды қорғау позициясын қолдайтынын ашық аңғартты. Енді Цай Келесі айда өтетеін президент сайлауында жеңіске жетуді көздейді.
Си Цзиньпин соңғы жылдағы барлық қиындыққа тек өзін, дәлірек айтсақ өзінің әсіре орталықтанған билік жүйесін кінәлі деп тапқаны дұрыс. АҚШ-пен сауда тартысы, Қытайдың Гонконгқа қол сұғу қаупі мен Шыңжаңдағы этникалық шиеленіс – 2012 жылы президент Си билікке келмей тұрып алдын-ала белгілі болған. Алайда Қытайдың жемқор әрі жасық басшылығы аталған дағдарыстың үдеуіне тоқтау сала білді. Мысалы, 2003 жылы ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасына қарсы жарты миллион адам Гонкогте наразылық танытқанда, Қытай билігі бірден заңды қабылдаудан бас тартқан.
Президент Си саяси билікті уысында ұстағанымен, шешім қабылдау процесі өзгерді. Саясатқа әсер етуге үміттенгендер әуелі Си Цзиньпиннің өзіне тікелей шығуы керек, олардың президент таңдауына сай дұрыс деп танылған ақпартты жинақтап көрсетуге уәжі жетерлік. Саяси бюро тұрақты комитетінің мүшелері президенттің пікіріне қарсы келіп, сенімсіз болып көрінуден сақтанғандықтан ақпаратты ашып көрсетпейді. Өйткені басқаша әрекет етсе, тікелей Си Цзиньпин билігіне қарсы шығу екендігін біледі.
Си Цзиньпиннің келсіпеушілікке шыдамауы мен расталмаған ақпарат алдындағы дәрменсіздігі оның үкіметін саяси қателікке ұрынуға бейімдеп отыр. Ал одан зорғысы –тиімсіз әрі нәтижесіз саясат толық жойылмай тұрып, президент виртуалды әлемде өзінің мінсіз бейнесін сақтап тұруы қажет.
Қазіргі таңда Си Цзиньпин билігі бағытынан таймай берік тұр. Алайда шешім шығару динамикасы жоғары деңгейде өзгермесе де, келер айда бой көтеретін мәселелерде әлсіздік танытары сөзсіз. Расымен де, 2020 жыл Си Цзиньпиннің қырсық шалған жылы болмақ.