26/09/2013
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуетін арттыру бойынша семинарлардың легі өтеді
20/09/2013
«Психикалық денсаулығында бұзылыстары бар жастарға арналған орталық: қоғамнан шеттетілместен өмір сүруге болады!»
10/10/2013

“Психоанализ Қауымдастығы” Қоғамдық Бірлестігі Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен жүргізілген “Психикалық ауытқушылығы бар жастарға арналған күндізгі орталық құру” жобасы бойынша “Психикалық ауру: қоғамда қалдыру болмайды оқшаулау” тақырыбында аш

Алматы, 26 қырқүйек 2013 ж. 15.00 – “Психоанализ Қауымдастығы” Қоғамдық Бірлестігі Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен жүргізілген “Психикалық ауытқушылығы бар жастарға арналған күндізгі орталық құру” жобасы бойынша “Психикалық ауру: қоғамда қалдыру болмайды оқшаулау” тақырыбындаашық пікірталас ұйымдастырады.

Қазіргі кезде тек қана медициналық-әлеуметтік мекемелер ғана азаматтардың ең әлсіз бөлігін қабылдап жанашырлық жасайды. Бірақ психикалық саулықты қорғайтын білікті мамандардың тапшылығы, психикалық ауытқушылығы бар адамдардың әлеуметтік оқшалануы, оларды еңбекке баулудағы шектелген мүмкіндіктер, дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің қымбаттылығы.

«Біздің психикалық ауытқушылығы бар отандастарымыздың жағдайын жасап оларды қоғамға кіріктіру үшін, олар өздерін өзі мемлекетіміздің толыққанды азаматы ретінде сезінуі үшін елімізде үкімет деңгейінде кешенді бағдарламаны қабылдау керек», — дейді «Республикалық ғылыми-тәжірибелік психиатрия, психотерапия және наркология орталығының» директоры Сағат Алтынбеков.

Психикалық ауытқушылық диагнозымен байланысты стигма пациенттер мен олардың туыстары жағынан да үйреншікті құбылыс, әлеуметтік қалып ретінде қабылданып қалды. Өкінішке орай, біздің халықтың менталитеті бұрынғыдан өзгере қойған жоқ: « психиатриялық клиниканың пациенті» — бүкіл өмір бойы кетпейтін дақ болып саналады. Қоршаған орта ондай адаммен сөйлесуге қорқады, ешкім оны жұмысқа алмайды, ол ешкімге керек емес.

«Психиатриялық қызметті реформалау үшін ірі медициналық-әлеуметтік мекемелер мен стационарлардың орнына қаржылай шығыны аздау және құрам жағынан ықшамды ұйымдарды құру басымды бағыт болуы қажет», – дейді Психоанализ Институтының директоры Анна Құдиярова. «Және де арнайы мамандандырылған шеберханаларды салу арқылы барлық жерде әлеуметтік бейімдеу әдімтерін дамытып енгізу керек. Қазірдің өзінде елімізде әртүрлі қоғамдық ұйымдар альтернативалық қызмет модельдерін (күндізгі орталықтар, клуб үйлері) дамытып жатыр».

Кездесу барысында “Психоанализ Қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі жүргізген жобаның нәтижелері назарыңызға ұсынылады. Психикалық  саулығында ауытқушылықтары бар жастарды психологиялық реабилитациялау мен әлеуметке кіріктіру жобасы өткен жазда Сорос-Қазақстан қоры қолдауымен Алматы қаласында жүргізілді.

Біздің адрес: ҚР, Алматы қ., Психоанализ орталығы (Алматы, Саин к., Абай к. жоғары, Шаляпин к. төмен, «Мамыр» сауда үйімен «Гелиос» жанармай станциясы арасында)

Анықтамалар:

по тел: (727) 376-94-40 – Мадина Қали, 8-775-144-02-48 – Гүльжан Амангельдинова.

psihoanaliticheskaya@mail.ru