Вашингтон, Колумбия округі – 18 айға жуық “қанға-қан” принципіне сай тарифтерді көтергеннен кейін Құрама Штаттар мен Қытай арадағы сауда соғысын бәсеңдету шараларын бастау үшін “бірінші фаза” келісіміне қол жеткізді. Келісім аясында АҚШ президенті Дональд Трамп 15 желтоқсанда күшіне енуі тиіс қытай тауарларының тарифтерін одан әрі арттыруды тоқтатты және Қытайдан келетін жалпы соммасы $ 120 млрд. құрайтын импортқа 15% – дық тарифті екі есе төмендетті. Қытайға келер болсақ, ол өзінің жоспарланған жауапты шараларын кейінге қалдырды және келесі екі жылдың әрқайсысында 50 миллиард долларға жуық сомаға АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы өнімін импорттау міндетін өз мойнына алды.
Бірақ уәде етілген келісімге келуді асыра бағалауға болмайды. Біріншіден, Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда серіктестерін кемсітпеушілік принципін бұзбай, импорт бойынша өз міндеттемелерін қалай орындай алатынын анық емес. Сонымен қатар, АҚШ – тың $250 млрд мөлшеріндегі Қытай импортына 25% – дық тариф күшінде қалады, ал одан әрі қысқартулар алдағы сауда келіссөздеріндегі прогреспен байланысты.
Шын мәнінде, қазіргі келісім Қытайға қарсы АҚШ Үкіметінің кейбір сауда наразылықтарына ғана қатысты, ал оның қалған талаптары жағдайды әлдеқайда қиындатады. Тұтастай алғанда, АҚШ Қытай өкіметтерінің өз елінің АҚШ-пен екіжақты саудасының оң сальдосын (сауда артықшылығын) жою бойынша қадамдар жасауын, “валюталық манипуляцияларды” тоқтатуды, зияткерлік меншікті (ЗМ) ұрлауды тоқтатуды, технологияларды одан әрі мәжбүрлеп тасымалдаудан қалыс қалуды, мемлекеттік кәсіпорындарға (МК) субсидияларды тоқтатуды және мемлекеттік инвестициялар арқылы америкалық компанияларды сатып алуды тоқтатуды қалайды.
Егер мұны келіссөздер дейтін болсақ, онда Қытай билігі АҚШ-тан осы бағыттар бойынша жасаған қадамдарының қайтарымына не алғысы келеді деген сұрақ туындайды. Бірақ бұл келіссөздер емес: Трамп әкімшілігі Қытайға бірнеше талаптар қоюда, және олар орындалмаса, “жазалауға” алып барады.
Американдық талаптарға қатысты үш негізгі мәселе бар. Біріншіден, олардың кейбірі мазмұндық тұрғыдан қате. Екіншіден, жаһандық сауда жүйесінде екі жақты іс-әрекеттер сауда серіктестерін қайта топтастыруға әкеп соғады. Үшіншіден, АҚШ-тың кейбір талаптарын қанағаттандыру үшін Қытай үкіметі не жасай алатындығы нақты емес.
Біріншіден, АҚШ-пен өзінің екі жақты сауда артықшылығын (оң сальдосын) жою туралы Қытайға қойылған талап қате болып табылады. Себебі тауарлардың сауда баланстары не себепті маңызды болуы тиіс екендігіне түсініксіз. Бір жағынан, қызметтер саудасы екі жаққа бірдей маңызды. Мысалы үшін, қаржылық қызметтердің экспорты экономикалық тұрғыдан алғанда, көмір экспортына қарағанда анағұрлым тиімді. Сонымен қатар, кейбір елдер басқаларға қарағанда әлдеқайда тиімді инвестициялық мүмкіндіктерді ұсынады. Тартымды мүмкіндіктері аз елдердің азаматтары кірістілігі жоғары жерлерде активтерді сатып алудан пайда алады және бұл инвестициялар ағымдағы шоттың теңгерімсіздіктері есебінен қаржыландырылады. Бұл жағдайда да екіжақты баланстар маңызды емес. Ағымдағы шот теңгерімі (сальдосы) – бұл ішкі инвестициялар мен ішкі жинақтар (жеке және мемлекеттік секторлардағы) арасындағы айырмашылық, ал АҚШ-тың мұндағы тапшылығы жаһандық сипатқа ие: Егер бір ел Америкамен өз сауда артықшылығын қысқартса, Америка экономикасы импортты да, экспортты да басқарады.
АҚШ-тың валюталық манипуляцияларға қатысты талабы ұқсас адасушылықты көрсетеді. Айқын мақсат – Американың Қытаймен арадағы екіжақты сауда тапшылығын азайту, бірақ АҚШ-тың жинақ пен инвестициялар балансы өзгермейінше, бұлай болмайды. Америка заңнамасы сауда әріптесі тарапынан валюталық манипуляцияларды анықтау үшін үш өлшемді көздейді: жаһандық ағымдағы шоттың профициті ЖІӨ-нің 3% – нан асуы; шетел валютасын сатып алу және ішкі валютаны сату үшін тұрақты интервенциялар; және АҚШ-пен сауда балансының екі жақты профициті 20 млрд. құрауы қажет. Қытай қазіргі уақытта тек үшінші шартты ғана қанағаттандырғандықтан, ол американдық заңнама бойынша валюталық манипулятор болып табылмайды (бұл Трамп әкімшілігіне тамыз айында бір елді манипулятор ретінде айдар тағуға кедергі келтірмеді).
АҚШ – тың – зияткерлік меншікті (ЗМ) ұрлау, технологияларды тасымалдау, Мемлекеттік кәсіпорындарды субсидиялау және инвестициялық талаптарға байланысты – басқа да мақсаттары тек көпжақты деңгейде ғана қанағаттанарлықтай шешімін табуы мүмкін. ДСҰ-ның кез келген мүшесі сияқты, АҚШ егер оның сауда әріптестері ДСҰ ережелерін сақтамайды деп танылғанда (көпшілік келісімі бойынша, оны (ережелерін)күшейтуге болады) шағым бере алады. Бірақ Трамп әкімшілігі АҚШ бұрын ДСҰ-ға берілген істердің 91% – ын жеңіп алғанына қарамастан, тіпті Қытай билігінің өз тәжірибесіне өзгерістер енгізудің егжей-тегжейлі жақылған қызметтік жазбасы бар екеніне қарамастан ДСҰ комиссиялары оларға қарсы шешім шығарса да Қытайға қарсы тек екі шағым түсірді.
ДСҰ ережелері нақты жағдайды қамтымаған жағдайда, мүшелер оларға түзетулер енгізуге ұмтылуы тиіс. Бұдан басқа, АҚШ – тың басқа ірі сауда серіктестері – атап айтқанда, Канада, Еуропалық Одақ және Жапония – Қытайға қатысты көптеген соған ұқсас сауда алаңдаушылықтары барын білдірді. Егер АҚШ олармен өз күштерін біріктірсе, олар Қытайға қарсы әлдеқайда үлкен келіссөздерге әсер етуші күш бола алар еді.
Бірақ ДСҰ – ны пайдаланудың орнына, Трамп әкімшілігі – ұйымның Дауларды Реттеу жөніндегі Органына (ДРО) жаңа судьяларды тағайындауды бұғаттай отырып, керемет мүмкіндігінен айырылуда. Дауларды Реттеу жөніндегі Органына (ДРО) жеті тағайындалған мүшесі болуы тиіс, олардың үшеуі істі қарайтын кез келген алқадан болуы тиіс. Бірақ АҚШ өзінің өкілеттік мерзімін аяқтаған судьяларды ауыстыру үшін кандидаттарға үнемі вето салып отырғандықтан, ДРО енді тек бір мүшесі бар және осылайша, енді жұмыс істей алмайды. Әрине, ДРО неғұрлым тиімді етіп ұйымдастырылса, ол дауларды реттеу және сауда соғыстарын болдырмау үшін өте пайдалы органға айналар еді. Толық процесті бөлшектеудің мәні жоқ.
Қорыта келе, тіпті АҚШ –тың негізді шағымдарына тоқталсақ та, Қытай үкіметінің Трамп әкімшілігін қанағаттандыру үшін қандай өзгерістер жасау керектігі туралы ешқандай нақты нұсқау жоқ. Сайып келгенде ашық, көпжақты жаһандық сауда жүйесі өркендеп бүкіл әлемде экономикалық өсуді қолдауына Америка да, Қытай да мүдделі. Өкінішке орай, қазіргі Америка саясатының бұл мақсатқа жету мүмкіндігі аз.