Орталық Азияның басқа елдеріндегі сияқты Қазақстанда да жасөспірімдердің жүктілігі, демек жасөспірім қыз балалардың жасанды түсік жасатуы, тастанды сәбилер мен ерте жастан некеге тұруы, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) таралуы өзекті мәселелер қатарында. 2018 жылғы ірі әлеуметтік зерттеудің мәліметтері бойынша, ҚР-да жыныстық қатынас басталуының орташа жасы 16,5 жасты құрады, ал 16-19 жастағы адамдардың 46% ЖЖБИ жұқтыру мен жасанды түсіктің салдары туралы мүлдем білмейді. Мектепте бұл жайлы оқымайды, ата-аналары ба лаларымен бұл тақырыпқа мәдени ерекшеліктерге байланысты сөйлеспейді, қоғам жасөспірімдердің «бос» мінез-құлқын айыптайды, алайда іс жүзінде ешқандай шара қолданылмайды. Сексуалды және репродуктивті денсаулық туралы негізгі ақпарат көздері – бұл интернет және әлеуметтік желілер. Ал, бұл «алынатын ақпараттың сапасы мен шынайылығына қатысты сұрақтар туғызады”.
Назарларыңызға Public Policy бастамасының түлегі Қарлығаш Қабатованың зерттеуін ұсынып отырмыз, оны төмендегі сілтеме арқылы таба аласыз.
Прикрепленные файлы