29/04/2014
Бірінші Жалпыреспубликалық Жемқорлыққа қарсы мектебінің ашылу рәсімі өтеді.
23/04/2014
ӘРБІР ҚЫЗ БАЛА ҮШІН АМАНДЫҚ ПЕН ҚОРҒАНЫШ
29/04/2014

Мемлекетпен кепілдендірілген дәрілік құралдар қазақстандықтар үшін қолжетімді ме?

АЛМАТЫ, 2014 ж. 29 сәуір – «Аман-саулық» қоғамдық қоры С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен және «Саламат-Даму» ҚБ-мен бірігіп, Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен «Жаһандану үдерісінің шеңберінде дәрілік құралдардың қолжетімділігі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуде.

Халықаралық конференцияның мақсаты – жүргізілген зерттеулердің негізінде халықты дәрі-дәрмекпен қамту саласындағы ағымдағы жағдайды талқылау, сондай-ақ Қазақстан ДСҰ-на кіруіне байланысты ықтималды талаптарды талқылау. Конференцияда Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырылған жобалардың шеңберінде «Аман-саулық» ҚҚ және «Саламат-Даму» ҚБ жүргізген зерттеулердің нәтижелері ұсынылады.

«Аман-саулық» ҚҚ дәрі-дәрмектермен кепілдендірілген қамтамасыз етудің мөлдірлігін арттыру және қазақстандықтар үшін дәрі-дәрмектердің қол жетімділігін арттыру жобасының шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысындағы дәрігерлер мен емделушілер арасында социологиялық сауалнама жүргізді. Сонымен қатар 2012 және 2013 жылдардағы «Аман-саулық» ҚҚ «Шұғыл желі» телефондарына дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша аталған аймақтар азаматтарының хабарласуларына талдау жасалды. Осы ретте Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Шұғыл желіге» хабарласулардың саны 2012 жылы 1855, 2013 жылы 1828 құрады, олардың ішінде 2012 жылы 32,9% және 2013 жылы 19,9% тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде дәрілік құралдардың жоқтығымен байланысты болды.

«Қазақстан Республикасында дәрілік құралдардың заттай әрі экономикалық қол жетімсіздігі орын алуда. Оның үстіне, созылмалы ауруларға шалдыққандардың саны азаймауы, халықтың қартаюы, амбулаторлық деңгейіде науқастарды емдеуге арналған дәрілік құралдардың кепілді көлемінің қоғамның қажеттіліктері мен болжалына сәйкес келмейтіндігі жағдайды қиындата түсуде», – дейді «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бахыт Туменова.

Өз кезегінде, «Саламат-Даму» ҚБ Қазақстан Республикасының бес өңірінде (Астана, Жамбыл, СҚО, Ақтау, Қарағанды) арнайы әзірленген сауалнаманың көмегімен дәрілік құралдардың қолжетімділігі жөнінде социологиялық зерттеу жүргізді.

«Сауалнамаға 4325 адам қатысты: олардың ішінде медицина қызметкерлері, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету саласының сарапшылары және емделушілер бар. Жасалған талдаудың көрсетуі бойынша, халықытың 90% дәрілік құралдар жөнінде бір мәнді әрі анық ақпарат алынуының қажеттілігін атады», – деп атап өтті «Саламат-Даму» ҚБ Төрағасы Александр Костюк.

Сарапшылар көпшілігінің (69,23%) пікірі бойынша, Кеден одағының шеңберінде дәрілік құралдар бағаларының төмендетілуі күтілуде. Сондай-ақ мынадай проблемалар анағұрлым жиі айтылды: дәрілік құралдарға баға белгіленуі (15,71%), анық ақпаратпен қамтамасыз ету (14,66%), дәрілік құралдарды тіркеу саясаты (13,61%).

Осы және басқа да мәселелер Халықаралық конференцияда талқыланады. Конференцияның барысында Алматы қаласы мен Алматы облысының жұмыс істеп жүрген дәргерлеріне арналған мынадай тақырыптардағы сертификат берілетін мастер-класстар жүргізілуі жоспарлануда: дәрілік құралдардың жағымсыз әсерлеріне мониторинг жасау, сондай-ақ дәрі-дәрмектермен тиімді қамтамасыз етудегі формулярлық жүйенің рөлі.

Халықаралық конференцияға Қазақстаннан, Қызрғызстаннан, Молдовадан, Украинадан сарапшылар қоғамдастықтарының өкілдері, ДДСҰ сарапшылары, емделушілерді қорғау ұйымдарының басшылары қатысты.

Халықаралық конференцияның қорытындылары бойынша ұсыныстар қабыданып, жұртшылыққа ұсынылады.