29/04/2014
Мемлекетпен кепілдендірілген дәрілік құралдар қазақстандықтар үшін қолжетімді ме?
29/04/2014
«Оралмандар: Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары»
27/05/2014

ӘРБІР ҚЫЗ БАЛА ҮШІН АМАНДЫҚ ПЕН ҚОРҒАНЫШ

Астана, 29 сәуір, 2014 ж. – ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен және «Сорос-Қазақстан» Қорының қаржылай көмегімен қыз балалардың құқықтарын қорғау саласындағы профилактикалық жұмыстарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшыларына арналған ақпараттық-оқыту тренингі өтеді.

2012 жылы Қазақстандағы ерте және күштеп қиылатын некелер проблемасы бойынша жүргізілген зерттеу Қазақстанның әйел тұрғындарының бестен бірін құрайтын 16 жасқа толмаған қыз балалардың құқықтары бұзылып, жиірек зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығын көрсетіп берді.

Осы құқықбұзушылықтардың негізгі себебі әйелдер мен қыз балалардың құқықтарына қатысты мәселелерде тұрғындар мен жасөспірімдердің жеткілікті дәрежеде ақпараттандырылмауынан болып отыр. Сондықтан да, ерекше әлсіз топ ретінде кәмелетке толмаған қыз балаларды қорғау жөніндегі ақпараттық стратегияларды қалыптастырудың маңыздылығына мән бере отырып, қоғамдық түсінікті кеңейтуге күш-жігерді бағыттау қажет», – дейді Әйелдердің шығармашылық бастамасы Лигасының жетекшісі Әсия Хайруллина. «Оларды жүзеге асыруда азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылы әрбір қыз бала үшін әлеуметтік әл-ауқатының, дамуының және денсаулығының кепілі болмақ».

Шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы қатысады, Қазақстанның жетекші үкіметтік емес ұйымдарының – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның, Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қазақстандық ассоциацияның, «Дамудың Ұлттық және Халықаралық бастамалары Институты және «Забота» Дағдарыс орталығының сарапшылары жаттықтырушы болады.

Тренингті өткізу орны: Астана қаласы, «Мукаммаль» қонақ үйінің мәжіліс залы, Жеңiс даңғылы, 53/1. Жұмыс уақыты: 29 сәуір, 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қосымша ақпараттар алу үшін Әсия Хайруллинаға хабарласуға болады. Тел.: +7 701 801 7220, эл. пошта wlci@mail.ru