15/02/2017
Қазақстанда 400 000 мүмкіндігі шектеулі азаматтың жұмыс істеу ниеті бар
23/11/2016
Орталық Азия көлеміндегі алғашқы фактчекинг ресурсы ашылды
10/05/2017

Алматы қ. мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың сайттарының Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңға сәйкестігіне тексеру жүргізілді

Алматы қаласында жүргізілген тәуелсіз зерттеудің нәтижесі бойынша кейбір мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың сайттарының Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның талаптарына толық жауап бермейтіні белгілі болды. «Қаланың ақпаратқа қол жетімділігі» қалалық Сегізінші хакатон қатысушылары осындай қорытындыға келді. Хакатон Қазақстандық интернет-бизнес пен мобильді коммерция қауымдастығының бастамасымен MOST бизнес-инкубатор базасындағы City Solutions жобасы аясында ұйымдастырылды.

Хакатон 2016 жылғы 19 қарашада өтті, оған 15 адам – қоғамдық ұйымдар мен бастамалардың, digital-компаниялардың өкілдері мен жеке тұлғалар қатысты. Мәліметтерді жинау, өңдеу мен визуализациялауға тағы 4 апта кетті. Мәліметтерге талдау жасауды DPR маркетингтік бюросы жүргізді, мәліметтерді қайта тексеруді қазақстандық интернет-бизнес пен мобильді коммерция қауымдастығы жүргізді.

Хакатонның қатысушылары 60 мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың, бағынысты мекемелердің, мемлекеттік-жекешелік әріптестік кәсіпорындары мен территориялық өкілдіктерінің веб-сайттарын оларды 34 критерий бойынша бағалау мақсатында қарап шықты. Олардың  он жетісі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңда қарастырылған міндетті талаптар және он жетісі сарапшылардың ұсынуы бойынша техникалық критерийлер (зерттеу критерийлерінің толық тізімі баспасөз хабарламасының қосымшасында берліген).

Алынған нәтижеге сәйкес тексерілген сайттардың бірде-біреуі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның  талаптары мен техникалық критерийлердің бәріне сәйкес келмеді.

«Бағалау үшін мекемелерді таңдау кездейсоқ әдіспен алынды. Сөйте тұра, біз қалалықтардың тұрмыс-тіршілігінің барлық саласын қамтуды көздедік: денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, коммуналдық шаруашылық, баспана мен кәсіпкерлік, білім мен мәдениет сияқты салаларды алдық. Қалалық мекемелерді таңдауда біз Алматы қаласы Тексеру комиссиясының деректерін негізгі бағдарға алдық. Бағалау үшін критерийлер сәйкес келетін-келмейтіндігін барынша шапшаң тексеру мүмкіндігін немесе жария деректерді (nic.kz және whois-сервистерін) пайдалану мүмкіндіктерін немесе тексеруге арналған дайын сервистерді (SEO-сервистері немесе Google Speed Insights)  қолданып таңдалды», – деді идеяның авторы, DPR бюросының директоры Жанна Прашкевич.

Деректерді визуализациялауда есік орнымен бірдей тәсіл қолданылды: орынның биіктігі міндетті талаптарға сәйкестігіне лайықты балдан жиналған % пайызына сәйкес келеді, орнының ені техникалық критерийлерге сәйкес келетін лайықты балдан жинаған % пайызына сәйкес келеді.

Зерттеу кезінде келесі әдістер қолданылды: сайтқа баға беру ақпаратқа қолжетімділік туралы Заңның 17 талабына сай және 17 техникалық критерийге сай жүргізілді. Әрбір критерийге осы баспасөз хабарламасына жалғанған 3 қосымшадағы таблицада келтірілген бірден үшке дейінгі аралықтағы балл берілді. Соңғы бағалау міндетті талаптар мен қалаулы техникалық критерийлердің ортақ балды анықтау бойынша жүргізілді.

Ақпаратқа иеленушілердің сайттарында көбіне сақталатындары: 

  • Міндетті талаптар:
    • Мекеменің мекенжайын көрсету
    • Хостингті Қазақстанда орналастыру
    • Заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қарастырудың ретін орналастыру
    • «Сұрақ-Жауап» қызметінің болуы
    • Техникалық критерийлер:
      • Мекемеге қатысты сайттың доменін тіркеу
      • Іздеу жүйесінде сайттың дұрыс жұмыс істеуі

Ең жиі сақталмайтындары мынадай міндетті талаптар:

  • Азаматтардың интерактивті сұрақтарын орналастыру
  • Мекемдегі нақты бос орындарды сайтқа салу
  • Қабылданатын өтініштер үлгісін орналастыру
  • Сайтты жаңарту жылдамдығы
  • Мекеме жұмысының кестесін салу
  • Басшылық, оның аты-жөні, телефон нөмірі, қабылдау уақыты, электронды жұмыс поштасы туралы ақпараттарды орналастыру
  • Қазақ және орыс тіліндегі ақпараттарды бір деңгейде салу
  • Жасалған жұмыс туралы баяндамалар мен есептерді салып отыру.

Техникалық мәселелер бойынша жиі кездесетін кемшіліктер болып мыналар саналады:

  • Сайттың жаңартуына жазыла алмау
  • Сайттың жүктелу жылдамдығының төмендігі
  • Мемлекеттік мекемелер сайттарының домендері заңды және жеке тұлғалардың атына тіркелген.
  • Іздеу жүйесінде сайттың көрінбеуі (сайттың картасы sitemap.xml болмауы, Гугл мен Яндекстің іздеу жүйесінде сайт парақшаларының аз индекстелуі, robots.txt құжатындағы қателік немесе файлдың болмауы)
  • Сайттың мобильді нұсқасының жоқтығы немесе соған бейімделмеуі
  • Ресми емес поштаның көрсетілуі. Әдетте мемлекеттік мекемелер хатты қабылдау үшін ресейлік mail.ru қызметін және әлемдік gmail.com қызметін пайдаланады

Жүргізілген зерттеудің бағалау критерийлеріне барынша сай келетін төмендегі ақпарат иелерінің сайттары көрсетілді (есептеу жинаған балдарының азаю реті бойынша берілген):

Мемлекеттік органдардың немесе мекемелердің атауы 86-дан балл саны 
1.       Алматы қалалық соты 55,5
2.       Денсаулық сақтау басқармасы  50
3.       Мемлекеттік кірістер департаменті 46
4.       Алмалы аудандық соты 44,5
5.       Алматы қ. Мәдениет басқармасы 44,5
6.       «Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ 42,5
7.       Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 42
8.       Білім басқармасы 42
9.       Алматы қ. ІІД 42
10.    Алмалы әкімдігі 40

Жүргізілген зерттеудің бағалау критерийлеріне ең төменгі дәрежесін көрсеткен мынадай  ақпарат иелерінің сайттары болды (есептеу жинаған балдарының өсу реті бойынша берілген):

Мемлекеттік органдардың немесе мекемелердің атауы 86-дан балл саны 
11.    Құрылыс басқармасы 13
12.   «Қазақ мемлекеттік циркі» МКҚК 14,5
13.   «Мемлекеттік қуыршақ театры» МКҚК 16
14.   «Алматыжылужайэнерго» ЖШС 16,5
15.   «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ 18
16.    Н.Тілендиевтің мемориалдық музейі 19,5
17.    Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы 20,5
18.   «Алматы ҚалаЖер» КМК 21,5
19.    Алматы қ. Біріккен музейлері 21,5
20.   «Алматы тазалық» 23

Зерттелген 60 интернет ресурс, веб-парақша мен сайт не жұмыс істемейді, немесе келесі ақпараттар жеткілікті деңгейде төменедегі салалар бойынша берілмеген:

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы
  2. Қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған Интернат-үйі
  3. Алматы қаласының Көлік холдингі
  4. «АлматыҚалаЖарық»
  5. Қоғамдық экологиялық кеңес
  6. Алматы ІІБ (веб-парақшасы жұмыс істемейді)
  7. Алматы ІІД (веб- парақшасы жұмыс істемейді)
  8. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (тексеру жүргізілген уақытта сайт әзірлену үстінде болды)

Аталған деректер Хакатон бойынша жүргізілген датаға ғана жарамды.

Зерттеуге қатысқандар: Promodo Kazakhstan агенттігінің басшысы ИльяМиненко; URBAN TALKS Almaty тәуелсіз пікірталас орталығының негізін салушы Катерина Новоселова; Қазақстан жастар ақпараттық қызметі өкілдері Айна Саматова, Томирис Жолдасова, Рада Купбаева, Балжан Тұрлыбекова; DPR бюросының өкілі Жанна Прашкевич, Эльмира Мамриева; АКИБ өкілі Манучехр Авгонов және жеке тұлғалар Азат Шауен, Айдос Маруан, Дарья Хорольская, Елена Серкебаева, Сәуле Байсенова, Орысбек Жұмаділ, Мамытбай Шыңғысхан, Айбек Үсіпбек.

«Біздің Ассоциация аталған жұмысты елдің ақпараттық қауіпсіздігі және Қазақстанның азаматтық қоғамын дамыту тұрғысыннан маңызды деп есептейді. Бұрын мемлекеттік мекемелердің mail.ru секілді жүйелерді қолдану бір түрлі көрінсе, қазір кәсібилік емес болып саналады», – дейді АКИБ президенті Константин Горожанкин.

«Мемлекеттік мекемелер мен коммуналды кәсіпкерлердің сайты онлайн анықтама болып саналады, яғни қызмет көрсету, қолдану тәсілдері мен стандарттар, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, маңызды жаңартулар және байланыс ақпараттары көрсетіледі. Мұндай сайттар іздеу жүйесінен келетін трафиктің 60 пайызын құрайды. Қалалықтар, әдетте, мемлекеттік мекеменің нақты атауын білмейді, оған қоса, сайттарынан да хабары аз. Сондықтан керекті сұраққа байланысты кілт сөздерді жазу арқылы іздеу жүйесін қолданады. Әрбір қолданушы өзіне ыңғайлы жүйені таңдайды, алайда ақпаратты құрамдастыруға болады. Егер сайт іздеу жүйесіне нашар оптимизация жасалған болса, қолданушылар керекті ақпаратты таппай, басқа сайттардағы бейресми, дәлелденбеген немесе ескірген ақпаратты місе тұтатын болады», – деп пікір білдірді Promodo Kazakhstan агенттігі директоры Илья Миненко.

«Зерттеудің мақсаты – «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы Заңның бір жыл толуына қарай деректерді жинау. Біз жылына екі рет осындай зерттеулер жүргізіп, жағдайдың өзгеруін бақылап отыруды ұсынамыз. Заң өте маңызды күн тәртібіндегі өзекті бірқатар талаптарды, атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен ақпаратқа ие кәсіпорындардың веб-өкілдіктеріне қойылатын талаптарды бекітті. Заңда сайттар мен веб-парақшаларға қойылатын талаптар толық жазылған. Бұл өте маңызды, себебі азаматтар өздерінің құқықтары мен мүмкіншіліктері туралы базалық ақпараттарды интернетте ресми сайттардан алуға тырысады. Алғашқы кезеңде біз Заң талаптарының 17 нұсқасын ғана таңдадық. Атап айтқанда, бағдарламалар, жұмыс жоспары мен даму ақпараттарын, қаралып жатқан стандарттар жобасы мен есептердің қоғамдық талқылауы, тексеру жұмыстары мен оның қорытындысы стенограммалар мен ашық отырыстардың протоколдарын, қаржылық аудит пен тексеру нәтижелерін, бюджеттік және қаржылық есеп-қисап және Заңда қаралған ашық деректер реестрінің сайтқа салып отыруды талап етеді. Біздің зерттеуіміздің қорытындысы мемлекеттік мекемелер мен өзге де ақпарат иелері үшін тиімді болып,  интернет-ресурстардың қолайлылығы мен әсері туралы қолданушылар тарапынан берілген тәуелсіз балама баға болады деп үміттенеміз», – дейді Жанна Прашкевич.

Толық ақпарат алу үшін:

Жанна Прашкевич

zhanna@prashkevich.com

+7 701 400 17 99