05/03/2015
Идеология және мәдениет: теңсіздік белгісі
13/02/2015
Ашықтық, есептілік, бақылау – жемқорлықпен күрес жолдары
18/08/2015

Э.Ватлина: «Қазақстанға балалар Омбудсмені қажет»

Қазақстанның «Балалардың құқығын қорғау бойынша» ҮЕҰ Коалициясының бірқатар өкілдері жуырда Женевадан оралды.

Онда балалардың құқығын қорғау бойынша БҰҰ Комитетінде  кезекті төртінші «Қазақстандағы балалардың құқығын қорғау бойынша жағдайдың қосымша баяндамасы» ұсынылған болатын.  Баяндаманы дайындауға балалардың құқығын қорғау және өрлету бағытында қызмет атқаратын 30 ҮЕҰ қатысты. Сорос-Қазақстан қорының «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева «Қазақстанның Балалар қоры» басқармасының төрайымы Эльвира Ватлинамен кездесіп, Женевада өткен кездесудің нәтижесі, Қазақстан Республикасындағы балалардың мүдделері мен құқықтарының сақталуы жағдайын талқылады. 

Айжан ОшақбаеваЭльвира, «Бала құқығы» ұғымына нақты  анықтама бере аласыз ба? Ол ұғымға не кіреді? Біз әдетте балалар үшін олардың мәселелерін ата-аналары, белгілі мекемелер және де, әрине, мемлекет шешеді деп ойлаймыз ғой.

Эльвира Ватлина: Біріншіден, бала – бұл адам және де кез келген адам ретінде, өзіндік құқықтары мен міндеттері бар.  Сондықтан, біздер, балалардың құқыққорғаушылары келесі құқықтар тобын қозғаймыз: өмір сүруге құқық, ойды ашық жеткізу құқығы, сапалы білім алуға құқық, денсаулық сақтау қызметтері, жай назарда болу құқығы және т.б.

Балалардың құқықтарының сақталуын мониторинг жасау мен қосымша есепті даярлау кезінде құқыққорғаушылар балалардың мүдделері мен құқық бұзушылығының бар-жоқтығын бағалайды. Бар болған жағдайда, біздер, ересектер дер кезінде көңіл аударып, балалардың бұзылған құқықықтарының қалыпқа келтірілуі үшін шаралар қолдануымыз қажет.

детский омбудсмен

АО: Қазақстандағы балалардың құқығы бойынша жағдайды сипаттап беріңізші. Балалардың құқытары көбінесе қай тұстарда  бұзылады?

ЭВ: Әлбетте,  мемлекет балалардың құқығын қорғау саласына көп көңіл бөлуде.  Алайда, балалардың құқықтары қорғалмақ түгілі, елеусіз қалып, қыспаққа алынып жататын тұстары да бар. Мәселен, мемлекетте балалардың құқығын қорғау жүйесінде бөлектеуге, кемсітушілікке қарсы бағытталған құқық қолдану тәжірибесі  жоқ деуге болады. Білім алу, денсаулық сақтау мәселелерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды, ауылдық жерлердің балаларын, экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын балаларды, аз қамтылған отбасы балаларына қатысты кемсітушіліктің орын алып отыруы қалыпты жағдай.  Әлі күнге дейін, аз қамтылған отбасы балаларын, жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету өткір мәселелердің бірі болып табылады.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша бүгінгі күні Қазақстанда 34 мың жетім балалардың 27 мыңы тұрғын үйге мұқтаж.

2011 жылы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен  көшіп-қонушылардың (мигранттардың) балаларының білім алуға мүмкіндігіне зерттеу жүргіздік. Сарапшылар бар жағдайдың едәуір ілгерілеп келе жатқанын байқады, алайда, қазіргі күнде көшіп-қонушылардың балаларының мәселелері толыққанды шешілді деуге болмайды. 2013 жылы көшіп-қонушылардың балаларының көпшілігі Қазақстанның мектептеріне баруға мүмкіндік алды, бірақ, оларда ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмерінің) жоқ болуына байланысты бастауыш сыныптарда тегін оқулықтар мен тегін тамақтану құқығына ие бола алмады.

Біздің  «Әйелдердің шығармашылық бастамалары лигасындағы» әріптестеріміз ең алғаш рет біздің елде ерте неке қию мәселесін көтеріп, осы тақырып аясында зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстанда жыл сайын 3000-нан астам ерте неке қию орын алатындығы анықталды. ҚР Қылмыстық кодексте де, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде де некені күштеп қию деректері бойынша жауапқа тарту қарастырылмаған. Бұл – аталмыш мәселеде мемлекеттің «қатыссыздық» ұстанымын алғанын көрсетеді.

Өкінішке орай, Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің көрсеткіші өсуде.  Республикада бұл мәселені шешуде кешенді және жүйелі шаралардың  жоқтың қасы, ал қолданылып жатқан шаралар мен олардың тиімділігі қадағаланбайды, жауапты министрліктердің әрекеттерінің  үйлестігі болмай отыр.

АО: Аталған барлық мәселелер орынды. Қазіргі күнде бұл мәселелерді шешудің қандай жолдары бар деп ойлайсыз?

ЭВ: Бізде балалардың құқығын қорғау бойынша өкілетті Институт жоқ екендігін ерекше атап кеткім келеді. Біз бұл мәселелерді 2003 жылы да, 2007 жылы да, қазір де көтеріп келеміз. Адамның құқығы бойынша уәкілетті институты бар, бірақ ол ресурстар және рәсімдер бойынша Париждік қағидаларға сай келмейді[1].  Қазіргі күнде балалардың құқықтарының сақталуына тәуелсіз қоғамдық мониторинг жүргізу үшін Балалардың құқығы бойынша уәкілеттік институт немесе Балалар омбудсмені қажет. Біздің республикада арыздар мен өтініштерді беру тетігі жоқтығын ескере отырып, балалардың құқығы жөніндегі БҰҰ Комитетіне тікелей өтініштер, жеке арыздар мен айналымдар беруде мүмкіндіктер беретін балалардың құқығы жөніндегі Конвенцияға  қатысты Үшінші факультативті хаттаманың[2]ратификациядан өтпеуіне байланысты, өз есебімізде балалардың құқығын қорғау  және тиімділігін өрлету мақсатында Балалардың құқығы жөніндегі уәкілетті институттық мекемесі туралы ұсынысты қайта көтердік.

АО: Біздің ел балалардың құқығы жөніндегі Конвенцияға 1994 жылы қол қойып ратификациялады және де БҰҰ балалардың құқығы жөніндегі Комитетінің рәсімдеріне сай, Қазақстандағы балалардың құқығы бойынша осымен төртінші жыл есеп беруде. Сіздің ойыңызша, қаншалықты біздің есептер өзгеруде және ұсыныстар іске асырылуда?

ЭВ: Қазақстанның «Балалардың құқығын қорғау бойынша» ҮЕҰ құрылған жұмыстық топтың іс-шаралары 2002 жылы бастау алды.ҚР балалардың құқығының сақталуы бойынша бірінші баламалы баяндамада біздің елде балалардың құқық бұзушылығының орын алып отырғандығы  айтылған болатын. Бұл мәселелер мемлекет ішінде көтеріліп, ол бағытта басқа да халықаралық және ұлттық ұйымдармен бірлестікте біздің тараптан түрлі форматтағы кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізілді. Бірақ, өкінішке орай, біздің ұсыныстар тиісті тараптар жағынан әрдайым қабылданбады. 2003 жылы біздің ұсынған есепке қатысты БҰҰ балалардың құқығы жөніндегі Комитеті мүшелерінің ынталылығын байқағанда, атқарылған жұмыстардың зая кетпегеніне көзіміз жетті. БҰҰ балалардың құқығы жөніндегі Комитетінің Ақырғы ұсыныстарының қорытындысы бойынша бұл ұсыныстарды жүзеге асыру жоспары құрылды. Сонымен, мемлекет үкіметтік емес ұйымдарының жұмысын мойындап, баға берді. Сөз жоқ, әр есептен келесі есепке дейін жағдай едәуір өзгеруде. Заңнама аясындағы біршама ұсыныстар орындалды.  Алайда, жаңа заман талаптары жаңаша қадамдарды, балалардың құқығын ілгерілету жолында азаматтық және мемлекеттік секторларының ұйымдасуы мен күш салысуын қажет етеді.

БҰҰ балалардың құқығы жөніндегі Комитеті мүшелерінің 70-прессессияда ұсынған есебі кезінде ҮЕҰ-на 40-қа жуық сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтардың мәнісіне қарағанда, Комитет мүшелерінің тек қана қызығушылығы ғана емес, ақпаратқа ие екендіктері де байқалды. Ендігі кезекте, біздің ұсыныстарымыз қабылданып, БҰҰ Комитетінің Ақырғы ұсыныстарына енеді деп сенім артамыз.


[1] Париждік қағидалар – ұлттық құқыққорғау мекемелерінің жұмысын анықтайтын және құрайтын халықаралық стандарттардың жиынтығы (әрі қарай – ҰҚМЖА). 1991 жылы Парижде  ҰҚМЖА халықаралық семинарында құрылған  және 1993 жылы БҰҰ Бас  Ассамблеясымен қабылданған.

ҰҚМЖА  адамның құқығын қорғау саласындағы міндеттер мен оларды қағидаларына сай келуі қажет. Және де олардың тәуелсіздігі, адам құқығының кең ауқымды мандаты, толыққанды қаржыландырылуы және сайлау мен таңдау процесіндегі  ашықтық қарастырылады. Қағидалар мекемелердің сенімділігі мен заңдарға сәйкестігі өлшемдерімен қабылданады.

[2] 2011 жылдың желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясымен үшінші факультативті хаттамасы қабылданды, 2012 жылы ол қол қоюға ашық болып, он қатысушы-елдердің қатарында 2014 жылы күшіне енді.  Хаттама балалардың құқығы жөніндегі Комитеттің хаттамада көрсетілген қатысушы-елдерге қарсы Конвенцияның арыздардың орындалмауын қарауға жол ашады.