2014 жылғы 18-19 қарашасында «Ашық қоғам» қорларының құрылтайшысы мен төрағасы Джордж Сорос Қазақстанға іссапармен келді.
Астанаға жасалған сапар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылым өкілдерімен, Назарбаев Университетінің басшыларымен, Сорос-Қазақстан қорының қамқоршылар кеңесі мүшелері мен серіктестерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Қордың мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдарының ынтымақтастық мәселелері талқыланды.