28/05/2010
Тегін білім беру қанша тенге тұрады:ата-аналар бейресми төлейтін төлемдер
07/01/2008
Зерттеу нәтижелері «Қазақстан масс-медиасы: негізгі ойыншылар, мүмкіндіктер, қажеттіліктер мен қауіп-қатерлер»
29/10/2010

Елеусіз және қорғансыз: Қазақстандағы лесбияндар, гейлер, бисексуалдар мен трансгендерлер

Бұл басылым елдегі жыныстық азшылықтардың құқықтық жағдайына жасалған шолу болып табылады және екі негізгі бөлімнен тұрады:
  1.  халықаралық және ұлттық заңнамаға сәйкес ЛГБТ тұлғаларының құқықтық жағдайына шолу;
  2.  Қазақстан Республикасында ЛГБТ тұлғаларына қатысты кемсітушіліктің бар-жоғын анықтауға бағытталған әлеуметтанушылық зерттеу.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Қазақстандық заңнамада кемсітушілікке тыйым салынғандығы,  бірақ сонымен бірге кемсітушілікке ұшыраған топтардың құқықтарын қорғау тетіктері көзделмегені анықталды. Зерттеуде өзгеше жыныстық бағдардағы адамдарға деген гомофобты және трансфобты қоғамдық көзқарастың қауіпті фактілері көрсетілген. Есепте, сонымен бірге Үкіметке, халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға жыныстық бағдарға негізделген Қазақстандағы кемсітушілік порблемаларын  шешуге байланысты ұсыныстар берілген.

Бұл басылым «Сорос-Қазақстан» Қоры «Құқықтық реформа» бағдарламасының Қолдауымен кемсітуге қарсы күрес пен төзімді қоғам қалыптастыруға бағытталған жұмыстың бір бөлігі ретінде дайындалып, шығарылған.

 


Тіркелген файлдар