05/04/2021
Тәуелсіз зерттеу жүргізуге ашылған жол
11/03/2021
Chatham House баяндамасы. Қазақстан: “Билік транзитінің” сынағы
06/04/2021

Ашықтық. Мемлекеттік қолдау. Медицина қызметкерлері

Біртіндеп төмендеп жатса да, мемлекеттік бюджет Қазақстанның денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың негізгі көзі болып қала береді (2010 жылы денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындардың 68%-ы, 2018 жылы тиісінше 61%-ы). Сонымен қатар, 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесі бюджетті ұлттық деңгейде шоғырландыра отырып, оны кезең-кезеңімен орталықтандыру сатысынан өтіп келеді. Қаржылық трансформацияның мақсаты тұрғылықты жері мен табыс деңгейіне қарамастан, бүкіл халық үшін медициналық қызметтерге қолжетімділіктегі теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл реформалардың соңғы сатысы міндетті медициналық сақтандыруды енгізу және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұлғасында медициналық қызметтердің шоғырландырылған сатып алушысын құру болды.

Бұл зерттеу келесілер бойынша талдау тәсілдері мен ұсыныстарын мазмұндайды: a. СOVID-19-бен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне мемлекеттік төлемдерді талдау мысалында, медицина қызметкерлерін мемлекеттік тараптан қолдау шараларының ашықтығын қамтамасыз ету және b. медицина қызметкерлерін қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тиімділігін арттыру.

1-тарауда және оған берілген қосымшаларда зерттеудің бастапқы кезеңінде жүргізілген жан жақты талдау және деректерді жинау сипатталады.

Бұдан әрі 2-тарауда 1-тараудың материалдары бойынша негізгі қорытындылар баяндалған.

3-тарауда медицина қызметкерлерін мемлекеттік қолдау механизмдерун жетілдіру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар көрсетілген.

Зерттеудің толық нұсқасымен мына ссілтеме арқылы таныса аласыздар.