11/03/2020
БҚО Ақжайық ауданында жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бөлінген қаржының тиімділігі
10/03/2020
Қайтарымсыз гранттың қайыры бар ма?
11/03/2020

«Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы тәсілімен іске асырылатын жобаларды орындау барысының ашықтығы

2015 жылдан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» заңына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау мен мемлекет пен коммерциялық емес ұйымдар арасындағы серіктестікті нығайту мақсатымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмі арқылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыра бастады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген функцияларын іске асыру нысаны.

Бұл ретте Жанар Оспанова, Сорос-Қазақстан қорының “Ашықтық және есептілік” бағдарламасының Open Budget Fellowship жобасының түлегі, «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырылатын жобалардың барысы ашықтығын зерттеу нәтижесінде тұжырымдамалар мен ұсынымдар береді.

Зерттеумен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар


Прикрепленные файлы