24/10/2016
Сорос-Қазақстан қорының Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты мәлімдемесі
29/06/2016
2016 жылғы 28 қарашада құқыққорғаушы Макс Боқаев пен азаматтық белсенді Талғат Аянға қатысты шығарылған үкім бойынша Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі
29/11/2016

Сорос-Қазақстан қорының Атырау және Павлодар қалаларында «ZhasCamp» бейресми жастар конференциясының өтуіне кедергілер жасалуына байланысты мәлімдемесі

Сорос-Қазақстан қоры «ZhasCamp» бейресми жастар конференциясының 2016 ж. 15 қазанда Атырау қ. және 2016 ж. 22 қазанда Павлодар қ. өтуіне кедергі жасалғандығына байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді.

Екі қалада да, алдын ала жасалған келісім мен ғимараттарды жалға алу туралы растау қағаздарына қарамастан, соңғы мезетте міндеттемелер бойынша қызмет көрсетуден бас тартылды. Атырау қаласында қонақүй басшылығы шара өтетін орындарды босатуды талап еткеннен кейін бейресми конференцияны мезгілінен бұрын тоқтатуға тура келді. Павлодарда С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті ғимаратты беруден бас тартқандықтан, «ZhasCamp» мүлде өтпей қалды. Аталмыш қалаларда басқа ғимараттарды іздеу барысында ұйымдастырушылар кедергілерге тап болып отырды.

Жастардың әлеуметтік бастамаларына арналған «ZhasCamp» бейресми жастар конференциясын «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» Қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қоры, Астанадағы ОБСЕ бағдарламалары кеңсесі, Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қор сынды өзге де серіктес ұйымдардың қолдауымен 2010 жылдан бері өткізіп келеді. «ZhasCamp» аясында ел бойынша ондаған маңызды әлеуметтік жобалар іске қосылды.

Сорос-Қазақстан қоры Атырау және Павлодар облыстарының жергілікті мемлекеттік басқару органдарын орын алған жағдай бойынша өз пікірлерін ортаға салып, еліміздегі жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру ісі бойынша өздерінің азаматтық қоғам ұйымдарымен әрі қарайғы серіктестігі бойынша ұстанымын ашық білдіруге шақырады.