Қазақстан заңнамасында осы күнге дейін «ақпаратқа қолжетімділік», «қоғамдық маңызы бар ақпарат» сынды негізгі ұғымдар мен мемлекеттік ақпараттың ашықтығы деңгейін анықтайтын нақты критерийлер жоқ. Оның үстіне әлеуметтік жауапкершілікті және мемлекеттің азаматтар алдындағы есеп берушілігін күшейтуге қажет қоғамдық маңызы бар ақпаратты көпшілікке ашу және тарату үшін құқықтық кепілдер жоқ.
Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьевтің пікірінше: «Қазақстанда «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңның болмауы еліміздің «Ашық Үкімет» атты беделді халықаралық бастамаға қосылуына басты кедергі болып отыр. Бұл бастамаға қосылатын елдер өз еркімен өздеріне мемлекеттік қаржының ашықтығын көтеру, азаматтарды шешім қабылдауға тарту, жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту саласында міндеттерді алады».
Осы ретте, Сорос-Қазақстан қоры «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңнаманы дайындау бойынша депутатардың бастамасын қуана қарсы алады. Алайда 2012 жылы Center for Law and Democracy (Канада) өткізген сараптамаға сәйкес, аталмыш заң жобасы мүмкін 150 балдың 86 балын алды. Яғни, заңды осы оқылымда қабылдаған жағдайда, Қазақстан әлемдік рейтингте 93 елдің ішінде тек 43 орынға тұрақтай алады. Бұл – аталмыш заң жобасының азаматтық қоғамның қатысуымен оны дайындаған тараппен айтарлықтай жақсартуға болатындығын көрсетеді.
Ақпаратқа қолжетімділік азаматтардың тек мемлекеттік құрылымдарының ашық отырыстарына қатысу немесе ресми сұрауларға жауап алумен ғана шектелмейді. Қазақстанда онлайн-технологиялар мен электрондық үкіметтің енгізілуі әр азаматқа мемлекеттік басқару процесіне қатысуға мүмкіндік береді. Алайда мемлекет тарапынан Интернетті қадағалаудың күшеюі азаматтардың еркін «ақпаратты іздеу, алу және тарату» құқын айтарлықтай шектейді. Қазақстанда блогтар мен чаттар заң жүзінде БАҚ-қа теңестірілгендіктен, Интернет кеңістікте ақпарат еркіндігін шектеу жағдайлары орын алуда.
«Былтыр компьютерлік клубтарды бейнебақылау мен тіркеу жазбасын жүргізуге міндеттеді. Бұл мемлекеттік құрылымдарға анонимді жазылған пікірлерге дейін, яғни бәрін бақылауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде біздің сот тәжірибесінде ҚР электрондық үкіметінің сайтында қалдырылған анонимді пікір авторларының жала жапқаны үшін жауапкершіліккке тартқан тәжірибесі бар. Мұндай шаралар азаматтарды Интернетті ақпарат алу және тарату үшін белсенді пайдалануға ынталандырады деп айту қиын», – деп атап өтті Антон Артемьев.
Осы орайда, Сорос-Қазақстан қоры азаматтардың ақпарат еркіндігіне деген іргелі құқығын жүзеге асыру үшін үкімет пен азаматтық қоғам арасында ашық диалогтың дамуына ықпал етуін жалғастыра береді.
Толық ақпарат алу үшін Сорос-Қазақстан қоры «Құқықтық реформа» бағдарламасының үйлестірушісі Бақытжан Медевке келесі байланыс құралдары арқылы хабарласыңыздар:
Ұ/т.: 8 771 765 1571, e-mail: bmedev@soros.kz