Жағдайды толық бағамдау үшін, жоба аясында әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар, сұхбаттар жүргізілді, Хромтау, Алға және Мәртөк аудандарында фокус-топтармен кездесулер ұйымдастырылды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, сауалнамаға қатысқан аудандық ҮЕҰ белсенділерінің тек 13 пайызы ғана әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған конкурстарға қатысқан екен. Респонденттердің 80 пайызы жұмыс жасап жатқан және жұмысын жаңа бастап жатқан үкіметтік емес ұйымдар үшін оқыту ұйымдастырудың аса қажеттілігін, сонымен бірге қоғамдық бірлестіктерді құру мен дамыту жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді таратуға қатысты мәселелер бар екендігін баса көрсеткен. Коммерциялық емес сектор өкілдерінің көпшілігі гранттық тапсырыстар дайындауды білмейді, жобалау қызметін басқару тәжірибесі жеткіліксіз, қаржыландыру көздері туралы ақпараттар мен білімдері жоқ.
Осыған орай, жоба аясында Ақтөбе облысының 12 ауданындағы бастамашыл топтар мен ҮЕҰ өкілдеріне арналған қоғамдастықтың қажеттіліктерін бағалау, жобалар мен оның менеджментін дайындау, атқарушы билік органдары мен серіктестермен бірге жұмыс жасау дағдыларын үйрету бойынша тренингтер өткізілетін болады. Оқыту тренингтеріне қатысқан аудандық ҮЕҰ қызметкерлері өздері бастама етіп көтерген идеяларына байланысты шағын гранттарға тапсырыс жазу арқылы алған білімін сынай алады. Ашық конкурс нәтижесі бойынша жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешуге бағытталған бес жобаға қолдау көрсетілмек.
Қосымша ақпараттар алу үшін келесі тұлғаларға хабарласуға болады:
Байланыс телефондары: (7132) 51 60 28, e-mail: smeda@aktobe.kz