29/09/2017
Дөңгелек үстел “Шетсіз қала: Алматыны полиорталықтандыру келешегі”
26/09/2017
Еңбек ету құқығы: Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 миллион адам бар
09/11/2017

«Кеңес» орталығы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді

2017 жылдың қыркүйек айының 29-нда Алматы қаласында «Кеңес» орталығы өзінің 25 жылдық мерейтойы аясында Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Қазақстан Республикасында менталды денсаулығында бұзылыстары бар адамдарды қоғамға кіріктіру және баламалы қызметтерді ұйымдастыру» тақырыбы бойынша халықаралық конференция өткізеді.

“Кеңес” Орталығы 1992 жылы Сүлеева Майра Магауяқызы және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының бастамасымен ашылды. Өзінің 25- жылдық қызметі барысында дамуында бұзылыстары бар балалар мен ересектер және олардың отбасыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды дамытуға үлкен үлесін қосты.

“25 жыл бұрын ауыр түрде психоневрологиялық патологиясы бар балалар төрт қабырғаға қамалып, ата-аналарының алдында жалғыз ғана жол – баланы медициналық-әлеуметтік мекемеге тапсыру шешімі болды. Бұл  балалар ата-аналарының көзі тірісінде жетімдікке тап болды. «Кеңес» орталығы ашылғаннан кейін балаларды күнделікті тәлім-тәрбие беру, оқыту бойынша міндеттерді жүзеге асырып,  мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға қолдау көрсетілді» – дейді Орталық басшысы Майра Сүлеева.

«25 жыл ішінде Орталық мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді түрде көмек көрсететін мамандардың тәжірибесін арттыратын алуан түрлі жобаларды жүзеге асырды, – деп атап өтті Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев. «Соңғы жылдары біздің Қор «Кеңес» Орталығына 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар ересектерге арналған баламалы қызметтерді дамыту жобаларында қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, 18 жастан асқан адамдарға арналған күндізгі болу қызметінің  жұмысын және Орталықтың тәжірибесін тарату бойынша вебинарлар өткізуді қолдадық».

Конференцияға Италия, АҚШ, Өзбекстан, Ресейдің халықаралық сарапшылары, мемлекеттік органдар және ересек адамдарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.   Конференцияға қатысушылар медициналық және әлеуметтік мекемелердегі менталды денсаулығында бұзылыстары бар адамдарды отбасыларына қайтару туралы ұсыныстарды талқылайды. Конференция жұмысы барысында отбасыларға арнайы медициналық-әлеуметтік мекемелерден туыстарын қайтаруға мүмкіндік беретін тетіктер мен әдістер ұсынылатын болады. Талқылау қорытындысы бойынша отбасыларында он сегіз жастан асқан менталды бұзылыстары бар адамдарға қолдау көрсету туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

Қосымша сұрақтар бойынша Сейдомар Батыржанға +7 707 905 36 95 +7 705 235 37 20 немесе e-mail: kenes_may@mail.ru хабарласуға болады

Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 52/2, «Қазақстан» қонақ үйі, 1-қабат, «Алтын Емел» мәжіліс залы.

www.facebook.com/centerkenes