15/05/2013
Әлеуметтік зерттеулер байқауының қорытындысы
29/04/2013
Алматы қаласында IV Орталық Азиядағы Интернет форум өтеді
21/05/2013

Қағаз ақшаның басынан кешкендері

Глеб Пономарев – Сорос-Қазақстан қорының «Жастар бастамалары» бағдарламасының жастар арасында өткізілген қысқаметражды кино байқауының екі жеңімпазының бірі. Глеб соңғы бірнеше айда шығармашылық жоспарларын жүзеге асырып, бүгін бізбен фильмді дайындау барысы қалай өткендігімен бөлісуде.

«Қысқаметражды әлеуметтік кино байқауы туралы мен Қор сайтынан білдім және бірден ойыма бағымды сынап көру ниеті келді. Шынымды айтсам, жемқорлық мәселесі мені әрқашан мазалайтын және көпшілік үшін оның қалыпты жағдай болып табылатыны мені алаңдатады. Анимацияның желісі төрт жыл бұрын пайда болды, бірақ ақырғы сипатта байқау алдында ғана көз алдыма келді. Жүзеге асыруға реті де қаржылай мүмкіндігім де болмай келді. Қор тарапынан шығармашылық жобаны жүзеге асыру үшін бір жарым миллион теңге бөлінді, бұл – ойымды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қуанышты жағдай болды. 

Жарты жыл ішінде 15 минуттық мультфильмді салып шығу ақылға сыйымсыз болып көрінген (әдетте, дайын материалдың бір минутына 1-3 ай кетуі мүмкін). Алайда  құлшынысым жоғары болғандықтан жұмысқа кірісуге шешім қабылдадым. Фильмді жасауға алты ай жұмсалғанына қарамастан (демалыссыз және кейде тәулігіне 18 сағаттан жұмыс істедік), барлық жұмыс асқан шабытпен бір деммен орындалып шықты.

Фильм арқылы ақшаны «пара» ретінде пайдаланғанда оның не сезінетінін көрсетуге тырыстым.

Сюжеттің барысы бойынша көрермендердің көз алдында бес мыңдық қағаз ақшаның тұтастай өмірі өтеді. Жолының басында ол әдемі және шытырлап тұрады, алайда оның иелері бір-бірін санау машинасында ақшаның шытырлау жылдамдығынан да жылдам алмастырып отырады. Олардың әрқайсысы қағаз ақшаның тағдырында өз ізін қалдырады. Мұндай қағаз ақшаның қаншасын қазір біреуге конвертке салып, көрсетпей үстелдің астымен не құжаттары бар қапшыққа салып беріп жатыр? Мен бұл процесті ішінен көрсеткім келді, ал бұдан қандай қорытынды шығаруға болатынын әркім өзі үшін өзі шешеді».

Глеб Пономарев

Алматы