18/11/2014
iMedia Project байқауының жеңімпаздары анықталды
24/10/2014
Джордж Соростың Қазақстанға сапары
20/11/2014

«iMedia Project» жобасының алғашқы модулі тәмамдалды

Алматыда «iMedia Project» мультимедиялық старт-аптар мектебінің алғашқы модулі тәмамдалды. Бір апта бойы Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 20 журналист мультимедиялық материалдарды дайындау машықтарын игерді: камерамен жұмыс істеп, аудио, видеосюжеттерді монтаждап, фоторепортаждарды дайындады.

Алғашқы модульдің тренерлері – Майк МакКиэн (Миссури университетінің журналистика мектебінің профессоры) және Джад Сливка (Миссури университетінің журналистика мектебі профессорының көмекшісі) болды.

 «Отандық БАҚ үшін аудиториясына қызықты және әрдайым сұранысқа ие болуы үшін мультимедиялық қызметке баса назар аудару қажет», – дейді Дария Цыренжапова, Сорос-Қазақстан қорының БАҚ бағдарламасының үйлестірушісі. «Біздің серіктестер – журналистерді дайындау саласында әлемдік рейтингтердің көшбасшылары, елімізге алғаш рет келіп отыр. Мен “iMedia Project” бағдарламасының жылдық тренингтері Қазақстанда жаңа медиа-брендтердің пайда болуына әсер етіп қана қоймай, әрекет ететін қызметтердің жаңа бір деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді деген сенімдемін».

Тренингтің алғашқы күні мультимедиялық журналистиканың жаһандық тенденцияларын шолуға арналды. Қатысушылар сандық қосымшалар үшін контентті дайындаудан Google Glass сынды жаңа платформаларда жұмыс істеу тәсілдерімен танысты. Тренингтің екінші және арғы күндері журналистер Қазақстан баспасөз клубының жаңа компьютерлік орталығында аудио, видеосюжеттерді, фоторепортаждарды дайындады.

«Әрқайсымыз берілген уақыт ішінде репортаждарды дайындау үшін жанталасып жаттық: сюжеттерді өзіміз түсіріп, өзіміз монтаждадық. Енді алған білімімізді іс жүзінде өз редакцияларымызда жүзеге асыратын уақыт келді», – дейді тренинг қатысушыларының бірі  Марина Васильева, «Рика ТВ-нің» бас редакторы (Ақтөбе қ.).

«Айқын» газетінің жауапты хатшысы Асқар Беков: «Сапалы контент, сан мыңдаған оқырманды қалай тарту – міне, біздің 1 апта көлемінде оқып үйренгеніміз. Заманауи журналистке қажетті қасиеттер, нақтырақ айтсақ аудиомонтаждау, видеомонтаждау, фотожурналистика секілді дәрістер біздің кәсіби өсуімізге үлкен септігін тигізді», – дейді.

Бір жыл бойы The New York Time, USA Today, CNN, The Huffington Post, Pro Publica медиа-кәсіпқойлары Миссури штаты университетінің Журналистика метебі және Джорджия штаты университетінің Грэди атындағы Журналистика және бұқаралық коммуникация колледжі секілді екі жетекші американдық журналистика мектебінің профессорларымен бірлестікте «iMedia Project» бағдарламасының қатысушыларын мультимедиалық стартаптарды құру және кешенді түрде ілгерілету бойынша оқытады. Келесі «Медиа-брэндинг және маркетинг» модулі өз жұмысын 2015 жылғы 12 қаңтарда бастайды.