Жоба Сорос-Қазақстан Қорының және Ашық Қоғам Қорының Адам Құқықтары Бойынша бастамасының (Будапешт, Венгрия) серіктестігі аясында жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты құқық қорғаушылардың әлеуетін нығайту және сапалы талдамалы баяндамалармен есептемелерді дайындау машықтарын жетілдіру, Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға байланысты туындаған мәселелеріне байланысты мониторинг және эдвокаси жұмыстарының орындалуын жүзеге асыру бойынша машықтандыру болды.
Жоба аясында және бір оқу жылының ішінде «Адам құқықтарының негізі», «Адам құқықтары саласында мониторинг (бақылау) жүргізу», «Эдвокаси жұмыстары, қоғамдық мүддені қорғау және жылжыту» атты 3 тренинг жүргізілді. Жобаның негізгі оқытушы-консультанттары болып танымал сарапшылар – Евгений Жовтис және Анна Севортьян атанды. Әрбір жеке тренингте, Адам құқықтарын қорғаудың әр облысынан сарапшылар шақырылды, ал олар өз кезегінде жұмыстарының түрлі салаларын түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
«Қатысушылар бір жыл ішінде тек қана білім алып және белгілі дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау аясында, таңдаған салаларына байланысты, маниторигтік зерттеулер дайындады. Жобаның қорытындылаушы кезеңінде, адам құқықтары аясындағы сарапшылардың алдында, қатысушылар ұсынуларына қосымша қоғамдық мүддені қорғау және жылжыту бойынша өздерінің эдвокаси жобаларын ұсынды», – деп сомдады Сорос-Қазақстан қорының «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева.
Жобаға қатысушы Роман Реймердің (Өскемен) айтуынша: «Бұл жоба мен үшін өте пайдалы болды. Біріншіден, ол менің білімдерімді құрылымдауға, содан кейін адам құқықтарын қорғаудың ішкі және халықаралық механизімдерін түсінуге көмек көрсетті. Оқу жылының ішінде біз, көпшілік алдында сөз сөйлеудің, байланыс жасаудың және талдамалы құжаттарды жасау амалының дағдыларын жақсарттық. Осы жобаның арқасында «Әділ сотқа және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін ақпаратқа қол жетімділік» тақырыбы аясын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік алдым. Енді мен алдыма маңызды мақсат қойдым, осы жобаны жүзеге асыру және өз өңірімде жағдайды жақсарту».
Жобаның барлық қатысушылары өздерінің эдвокаси жұмыстарын қорғады және дипломмен марапатталды, ал төрт жұмыстың авторлары сарапшылар комиссиясының жоғары бағасына ие болды. Келесі жылы Сорос-Қазақстан қоры осы жобаны жалғастыруды көздеп отыр.