Алматы, 2013 жылдың 10 қаңтары, сағ. 12.00 – «Психоаналитикалық қауымдастық» Қоғамдық Бірлестігі Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдау көрсетуімен психикалық денсаулығында бұзылыстары бар жастар тобын психологиялық-әлеуметтік оңалту және оларды әлеуметке ықпалдастыруға бағытталған «Психикалық денсаулығында бұзылыстары бар жастарға арналған күндізгі орталық» атты жобаны жүзеге асырды.
Үш ай аралығында ақыл-ойдың әртүрлі ауруларына шалдыққан он жігіт пен қыз күндізгі орталыққа келіп, онда жобаның үйлестірушілері – психологтар, психиатрлар, психоаналитиктер мен әлеуметтік жұмысшылар олармен және олардың отбасымен жеке және топта жұмыс жасады. Айтарлықтай шағын көлемді қаржыландырудың көмегімен ұйымдастырушылар орталықтың жұмысы арқылы қоғам мен мемлекет ақыл-ойында бұзылыстары бар адамдарды қоғамға ықпалдастыруға бағытталған заманауи және гуманистік баламалы қызметтерді құра алатынының нағыз үлгісін көрсетуге ұмтылды.
«Біздің орталық ашылғанға дейін біздің қатысушыларымызда болған жалғыз мүмкіндік отбасының қамқорлығында үйде қалу немесе арнайы интернатта тұру ғана болатын, – дейді «Психоаналитикалық қауымдастық» ҚБ өкілі және жоба үйлестірушісі Анна Құдиярова. – «Дені сау азаматтарға бұл үлкен жетістік болып көрінбеуі мүмкін, алайда біздің қатысушыларымыз үшін бұл үлкен мәнге ие, яғни бұл оқуға оралу, жұмыс ауыстыру, қолөнер және дизайн курстарына, «Тең, бірақ әркелкі» атты байқауға қатысу, Орталықта ерікті ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік алу деген сөз».
«Психикалық ауруларға шалдыққан және интеллектісінде бұзылыстары бар адамдар жиі ретте қоғам ортасында кемсіту мен стигматизациямен кездеседі. Ірі медициналық-әлеуметтік ұйымдар мен стационарларды құрудың орнына осындай орталықтарды ұйымдастыру бүкіл азаматтарды әлеуметке қатыстыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналуы тиіс», – деп атап өтті Сорос-Қазақстан Қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасының үйлестірушісі Айнұр Шәкенова.
2014 жылы бекітіледі деп күтіліп отырған БҰҰ-ның мүгедектер құқығы бойынша Конвенциясының 19-бабында мүмкіндігі шектеулі барлық адамдардың дағдылы ортасында өмір сүруге құқығы мойындалған және осы құқықтың толық жүзеге асырылуына, сондай-ақ, осы адамдарды қоғамға толығымен қосып, қатыстыру, яғни олардың әлеуметтік ықпалдастырылу құқығын іске асыруға мемлекет көмектесуі міндет деп айтылған. Осы идеяны ұстана отырып, «Психоаналитикалық қауымдастық» ҚБ өз елдерінде ақыл-ойында ауруы бар адамдарға арналған шағын көлемді орталықтар, клубтар мен үйлер арқылы жабық психиатриялық интернаттардың баламасын жасай білген Италия, Швейцария, Венгрия және Эстония секілді елдердің тәжірибесіне өз жұмысын негіздеп отыр.
Журналистер мен БАҚ-ның назарына:
Қосымша ақпарат алу үшін СҚҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Әйнел Қайназароваға (тел.: +7 (727) 258 13 54, ұялы т.: 8 777 244 77 63, е-mail: akainazarova@soros.kz), Мадинa Кали (тел: (727) 376-94-40 psihoanaliticheskaya@mail.ru)