Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетінің ғимаратында қазанның 25-26 аралығында шамамен 400 жас азаматтар қатысатын, жастардың белсенділігі мәселелеріне арналған V ZhasCamp’14 бейресми конференциясы өтеді.
ZhasCamp – қатысушыларға бейресми жағдайда тәжірибе алмасуға, кәсіби мамандардан пайдалы кеңес алуға, сондай-ақ ортақ идеялар мен жобаларды құруға мүмкіндік беретін тәуелсіз жастар алаңы. 2010 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.
Шараны ұйымдастырушы – Қазақстан жастар ақпараттық қызметі, бас серіктестер: Сорос-Қазақстан Қоры, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы Қор. Серіктестер: «Кар-Тел» ЖШС, «Beeline» брендімен, МАРС Қазақстан компаниясы, RG-Brands, Asu, Lipton және Grizly брендтерімен, және де Microsoft Kazakhstan. Басты ақпараттық серіктес: Face to face порталы.
«Біздің бағдарламамыздағы басты тақырыптар – қоғамдық бастамалар, қоғамдық-жауапкершілік бизнес, интернет пен жаңа ақпарат және қазіргі өнер. Бұл жастардың трендтермен қызығатын және басқа жақтан өздерін көрсететін төрт негізгі сала», – дейді «Қазақстан жастар ақпараттық қызметі» ҚҚ бас директоры Ирина Медникова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция [емес] тек жастарға ғана емес, сонымен қатар кез келген жастағы және мамандықтағы белсенді адамдарды қызықтыру мүмкін, өйткені бағдарламада әртүрлі қызмет саласындағы 35 сарапшы сөз сөйлейді. Олардың 8-і Германиядан, Ресейден, Украина мен Қырғызстаннан келеді.
«Осындай пікірталас алаңдары бірінші дереккөз – жастардан, олардың сұрақтарын, көңіл-күйлері мен қазіргі қоғамдық жағдайға көзқарастарын білуге мүмкіндік береді. ZhasCamp аудиториясы жыл сайын әртүрлі, сіз бұдан басқа ешқай жерде әр түрлі қалалардан келген, физикалық мүмкіндіктері мен қоғамдық мәртебелері, кәсіптері әртүрлі жас балаларды бір жерде болуын кездестіре алмайсыз. Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар үшін – бұл олардың бағдарламалары мен стратегиялары нағыз арнаулы аудиториялардың қажеттілігіне қаншалықты жауап беретінін салыстыруға мүмкіндік береді», – дейді Сорос-Қазақстан Қорының Жастар бағдарламасының үйлестірушісі, Сауле Мамаева.
Бүгінде ZhasCamp-қа 1000 аса қатысушы тіркелген және де Қазақстанның барлық аймақтарынан 60 қонақ шақырылады.
«Аймақтардағы жастар бұл шараны жыл бойы күтеді: мұнда олар бір-бірінің жобаларымен танысады, жаңа идеялар табады, өздерінің мәселелерін мәлімдеуге және тыңдалуына мүмкіндік алады. Осы жылы біз Projects Market байқауы аясында үздік жобаларды, және үш жыл ішінде біздің конференцияларымыздың қатысушыларымен жүзеге асырылған және ZhasCamp-та пайда болған идеяларды, үздік жобаларды марапаттаймыз», – деп медиа-үйлестіруші Василина Ларина атап өтті.
Бұл жылы конференция [емес] бағдаламасы: тренингтер мен презентациялар, атақты сарапшылармен сұхбат, жинақтамалық пікірталастар, бес жарыс және театрлық қойылымдар.
Мұнда Калининград облысындағы «Трансперенси Интернешнл – Р» жемқорлыққа қарсы зерттеулер мен бастамалар Орталығының аймақтық кеңсесінің басшысы Илья Шумаков «Шенеунік декларацияларына қоғамдық бақылау» деген тақырыпта сөз сөйлейді. Германиядағы Жастар ынтымақтастығының өкілі Осман Илдыз жастар арасындағы жұмыссыздықтан арылудағы Германияның үздік кейстары жайлы айтып береді.
ТМД кеңістігіндегі фримаркеттер идеялары жайлы жаңа трендтің белсенділері Зарина Шах (Алматы) және Александр Соболев (Москва) айтып береді.
СМАРТ компаниясының бас директоры Нұржан Берниязов пен The Farm инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Анна Осипова IT-саласындағы жастардың стартаптары жайлы, сонымен қатар біздің өмірімізге мобильдік гаджеттердің әсері жайлы ақпараттармен бөліседі.
Шараның толық бағдарламасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.
Шараны қолдағандар: «MOLOOKO» күнделікті жастар интернет-журналы, And.kz интерактивті ақпараттық-талдау ресурсы, «Бизнес&Власть» іскерлік газеті, Yvision блог-платформасы, Blogbasta.kz сайты, «Радиоточка» порталы, Profinance.kz Қазақстанның қаржы ақпараттық-талдау ресурсы, Gazeta.kz медиа-порталы, КИМЭП университетінің тәуелсіз студенттік газеті – KIMEP Times, журналисттердің Халықаралық орталығы MediaNet және Накануне.KZ порталы
Шара жайлы толығырақ www.zhascamp.kz сайтынан біле аласыздар.
Қосымша мәлімет
Василина Ларина, медиа үйлестіруші: +7-705-266-42-25, vassilina7@gmail.com.
Ирина Медникова, МИСК ҚҚ бас директоры : +7-701-741-90-04, irene.mednikova@gmail.com.