АМСТЕРДАМ – Бес жыл бұрын осы айда Саид пен Шериф Коуачи Charlie Hebdo француз сатиралық журналының Париждік кеңселерін шабуылдап, бірнеше минутқа созылған қастандық әрекет нәтижесінде 12 адамды өлтірді. Келесі күндері миллиондаған адамдар қаза тапқан журналистермен ынтымақтастық білдіру үшін Францияда және басқа елдерде маршпен өтті.
Еуропалықтар үшін Charlie hebdo журналистері өлімі журналистерге жасалған бірінші үй маңындағы жаппай шабуыл болды. #JeSuisCharlie (“Мен-Чарлимін”) Twitter желіміндегі ең танымал хэштегтердің бірі болды. Баспасөз бостандығы трендте болды.
Содан бері журналистік еркіндікті қорғау үшін күрес бастау алып, қоғамдық мобилизация өте жылдам болып шыққанымен – соның ішінде Charlie Hebdo болған жағдайда. 2019 жылы қаңтарда журнал қызметкерлері редакциялық бөлімге халық ол қырғын жайлы енді естігілері келмейді деп шағымданды. “Бәлкім, одан әрі қозғалу керек шығар!” – деп оларға бірнеше рет айтылды.
Бұл анық бейтараптылық көптеген адамдардың Charlie Hebdo туралы ойларымен тікелей байланысты: олардың пікірінше Charlie Hebdo басқаларды арандатуы мүмкін жолмен өзін білдіру еркіндігін насихаттайды. Және бұл еркіндік соңғы бес жылда тағы да үлкен қысымға ұшырады.
Мұндай үрдіс көпшіілк назар аудара бермейтін немесе ыңғайсыз фактілер мен пікірлерді жарыққа шығарып жүрген журналистерге бағытталған жауаптарда көрініс тапты. Күн сайын, оның ішінде маңызды саяси көшбасшылар тарапынан олар өздерінің тұтастығына жасалған шабуылдарға ұшырайды. АҚШ – та президент Дональд Трамп оны сынайтын журналистерді “халық жауы”деп бірнеше рет атады. Ал екі жыл бұрын баспасөз мәслихатында Чехия президенті Милош Земан ” журналистер үшін” деген жазуы бар AK-47 автоматының дәл көшірмесін ары-бері сермеді. Мұндай мінез-құлықты тудыра отырып, осы және басқа да көшбасшылар баспасөз өкілдеріне шабуыл жасауды қалыпты жағдайға айналдырады.
Және баспасөз өкілдері көбірек шабуылға ұшырайды. “Шекарасыз репортерлердің” (Reporters Without Borders) мәліметтері бойынша, 2019 жылы бүкіл әлем бойынша 49 журналист жұмысына байланысты өлтірілген. (Соңғы бес жылда орташа жылдық көрсеткіш- 81-ден жоғары.) Сонымен қатар, түрмеге қамалған журналистер саны өткен жылы 389-ға жетті. Әлеуметтік желілердегі, атап айтқанда, әйел-журналистердің атына төнетін қауіп-қатерлер әдеттегі құбылыс болып кетті және журналистерді үнемі ұрады, қорлайды немесе олардың жабдықтарын тартып алады.
Журналистерге қатысты зорлық-зомбылық-демократияның маңызды бағанына жасалған шабуыл. Әзірге бұл шабуылдар жалғасып жатқанда, “ары қарай қозғалатын” уақыт емес.
Керісінше, Еуропалық одақ көшбасшылары үшін көдерін ашып және қауіпке ұшырап жатқан журналистерді қорғайтын уақыт келді. Нидерландтағы PersVeilig бастамасымен полиция, прокуратура, Журналистер Одағы және Редакторлар журналистерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте ынтымақтасатын қозғалыстар бүкіл Еуропа бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Журналистерді ашық балағаттайтын саясаткерлер жауапкершілікке тартылуы тиіс, ал бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдары бәсекелес басылымдардағы әріптестермен ынтымақтастықты көрсету үшін көбірек жұмыс жасауы тиіс.
Жалпы алғанда, журналистиканың қоғам үшін құндылығын барынша хабардар ету және неғұрлым күшті қоғамдық қорғау қажеттілігі бар. Және соңғы жылдары осындай сәтті мысалдар роын алды. Словакиядағы Яна Кубиктің және Мальтадағы Дафне Каруана Гализия сияқты журналистердің өлімі осы екі елде жаппай наразылықтар тудырып екі ел премьер-министрлерін жұмыстан кетугемәжбүр етті. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Арнайы баяндамашысы Аньес Калламардың The Washington Post газетінің шолушысы Джамал Хашоггидің өліміне қатысты зерттеуі Сауд Арабиясы басшылығының қылмыстық әрекеттері туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттырды.
Бұл жағдайлар ұзақ мерзімді назарды қажет етті және оны алды. Бірақ кім өз жұмысы үшін өз өмірлерінен айырылған Мексикадағы Норма Сарабия немесе Филиппиндегі Эдуардо Дизоне туралы естіді? Нигериялық журналист Джонс Абири өткен жылы жалған айыптаулар бойынша екінші рет түрмеге түсті, ал Никарагуалық фотограф жақында бізге журналист ретінде біраз уақыт бойы жұмыс істеуді тоқтатқанын, себебі ол күн сайын өз өміріне қауіп төндіретінін айтты. Бұл танымал емес азаматтардың қамқоршысы бар ма?
Сот төрелігі жүйесі журналистерге шабуыл жасағаны үшін қудалауға аса басым назар аударуы тиіс, алайда БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған бірқатар тиісті қарарлар шектеулі нәтижелер берді. Сот органдарының әрекетсіздігін аяқтаудың ең жақсы тәсілі халықаралық тергеу комитетін құру еді, ол сондай-ақ өз жұмысын орындағаны үшін өлтірілген журналистердің ашылмаған жүздеген істерін шешу жолын жүйеге қояр еді.
Жыл сайын ондаған журналистер өлтіріліп, он жағдайдың тоғызында қылмыскер бостандыққа шығады. Әзірге мұндай жазасыздық бар кезде, журналистерді өлтіруге жол ашық.
Бес жыл бұрын біз барлығымыз Чарли (Charlie) болдық қой. Сондай-ақ бүгін, сол уақыттан бері өлтірілген жүздеген басқа журналистердей болайық.
Leon Willems is Director of Free Press Unlimited.
© Project Syndicate 1995–2020