ПАРИЖ – 15 қаңтар Украина премьер-министрі Алексей Гончаурктің бірнеше белді тұлғаралармен кездесіп, өзінің және президент Владимир Зеленскийдің экономикадан хабары жоқ екенін айтқан және елдегі экономикалық саясатты сипаттайтын аудиожазба жарияланған. Алайда Зеленский премьер-министр Алексей Гончаруктың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады. Шынтуайтқа келгенде, мұндай мини-дағдарыс Украина экономикасының жақсарғанын көрсетті.
Украина реформаторларының Ресей арнайы қызметі я реформаға қарсы шығатын олигархтардың аңду, жазып алу жұмыстарын жүргізетіні туралы білмеуі, әлбетте, қисынсыз жағдай. Дегенмен, ең қызығы аудиожазбаны таратушы құрал болып тұр.
Осыдан үш жыл бұрын 2016 жылдың аяғында Украина премьер-министрі, орталық банктер және қаржы министрлігі елдегі ең ірі банк саналатын ПриватБанкті мемлекеттендіру туралы талқылаған. ПриватБанкті өз акционерлері ұрлап тынған (басып алудың соңы Украинаның жылдық ЖІӨ 5%-мен бірдей болды ). ПриватБанкті мемлекеттендіру оңай емес. Қарымды техникалық дағдыдан бөлек, асқан батылдық қажет болды: банктің негізгі акционері Игорь Коломойский саясаткерлерден кек қайтаратынын ашық жариялап, сес көрсетті. Украина жекеленген банк жүйесінің тең жартысын ПриватБанк құрайтындықтан саясаткерлер мейрам күндерді де үзілссіз төлем жасау проблемасына тап болды.
Үкімет еш кедергісіз банк басқармасын өз қолына алғанымен, бірнеше жетекші саясаткерлер өз қауіпсіздігіне алаңдап елден кеткен. Мысалы, былтыр Украина Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Валерия Гонтареваны Лонданда көлік қағып, Киев маңындағы үйі өртелген. 15 қаңтардағы жиын мықты гривна мәселесіне арналды. Бір қызығы, Украина Ұлттық банкі инфляцияның төмен, ал валютаның мықтылығы үшін сынға ұшырады.
Бес жыл бұрын гривна өз құнының жартысын жоғалтып, жылдық инфляция 40%-ға жеткен. Гонтарева мен оның ізбасары Яков Смолий басшылығындағы Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу режимін қабылдап, бағаның жылдық өсімін 5%-ға төмендетуге уәде берді. 2019 жылы желтоқсан айында инфляция 4,1%-ға төмендеп, мақсат орындалды. Мұндай көпжылдық процесс пайыз мөлшерлемесін реттеу саясатын талап етті. Дискуссияның негізі болған базалық мөлшерлемелер қаңтардың ортасында шынымен жоғары еді: (инфляциямен түзетілген) реалды бағалау 9%-дан жоғары болды.
Нарық Украина Ұлттық банкінің инфляциялық таргеттеу режиміне сенім артқан уақытта мөлшерлеме төмендейді деп жариялады саясаткерлер. Екі аптадан соң, 30 қаңтарда Украина Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 2,5 пайыздық деңгеймен 11%-ға дейін төмендетіп, 2020 жылдың соңына дейін 7%-ға төмендетуге ниетті екенін мәлімдеді. Жылдық инфляцияның 4-5% деңгейі бір жылдан соң реалды пайыздық мөлшерлеме 2-3% құрайтынын білдіреді.
2019 жылы гривна еуроға шаққанда 20%-ға өскен, Украина валютасының шектен тыс көтерілуі шетел капиталы ұлғайғаюының көрінісі. Инфляциялық таргеттеу режимі бойынша гривна айырбастау бағамы ыңғайлы және шетелден түсетін қосымша миллиард еуро ұлттық валюта курсының жоғарылауына алып келеді. Осы арқылы төлем балансы нөлге жеткенге дейін импорт өсіп, экспорт төмендейді. Бұл –қалыпты жағдай.
Сыншылар қысқа мерзімді қаржы түсімі (гривнаның жоғары пайыздық мөлшерлемесі арқылы жүзеге асқан) шектеулі, оның орнына Украина ұзақ мерзімді тікелей шетелдік инвестиция тартуы қажет деп тұжырымдайды. Бірақ тікелей инвестиция да 2019 жылы ұлғайған, үшінші квартал дерегіне сәйкес өткен жылмен салыстырғанда өсім 50%-ға жетті. Мұның себебі былтыр шілде айындағы парламенттік сайлаудан кейін тағайындалған жаңа үкіметтің саяси келеңсіздіктерді шешуіне байланысты деп түсіндіріледі, алайда 2019 жылдың алғашқы үш кварталындағы тікелей шетелдік инвестиция туралы деректер екі таңбалы жылдық пайыздық өсімді көрсетеді.
Мықты гривна экономикалық өсімді біршама баялулатуы мүмкін еді, себебі отандық өндірушілердің кейбір импорт түрлерімен бәсекеге түсуі қиын. Бірақ 2019 жылдың екінші, үшінші кварталында жылдық ЖІӨ 4%-ға өскен. Аталған көрсеткіш 2016 жылдың аяғынан бері ең жоғары және Украинаның негізгі сауда серіктестері Еуропалық одақ пен Ресейдегі өсімнен әлдеқайда жоғары. Одан бөлек бірер уақыт бұрын Украинамен жұмыс деңгейіндегі келісім жасаған (staff-level agreement) Халықаралық валюта қорының болжауынша аталған модель бірнеше жыл сақталады.
Сонымен қатар гривна құнының нығаюы Украинаның доллар эквивалентіне сәйкес қарызын өтеуді жеңілдетеді. Бұл өте маңызды, себебі ЖІӨ 3%, әсіресе 4%-дан асқан жағдайда мемлекеттің 2015 жылдан бастап қарызды қайта құрылымдау туралы келісімі қомақты қаржыны талап етеді.
Украина үкіметінің макроэкономикалық табысына қуануына әлі ерте. Билік жекешелендіруде айтарлықтай жетістікке жетіп, мемлекеттік фирма және банктерде корпоративті басқауды жақсартқанымен реформа бағдарламасының аяқталуына ұзақ уақыт бар. Жемқорлыққа қарсы бағдарлама күткендегіден тым баяу жүзеге асуда, үкімет (ең басты бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауға алу арқылы саяси билікті сақтап тұрған) олигархтардан алыстай ала ма белгісіз. Жер реформасының жүзеге асырылуы жалғасын тауып, бірқатар мәселе шешімін тапты. Сол сияқты бейформалды экономика ауқымын қысқарту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыруда маңызды болып табылатын салық реформасы, еңбек нарығы реформасы да қарастырылып жатыр.
Украиндағы жақында өткен саяси төңкеріс соңғы жалдардағы елдің экономикалық даму масштабын айқындатты. Десе де, жаңа үкіметті алда талай қиыншылық күтіп тұр.
Sergei Guriev, a former chief economist of the European Bank for Reconstruction and Development and former rector of the New Economic School in Moscow, is Professor of Economics at Sciences Po.
© Project Syndicate 1995–2020