30/06/2017
«Алматы бюджеті: ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
23/06/2017
Дөңгелек үстел “Шетсіз қала: Алматыны полиорталықтандыру келешегі”
26/09/2017

Тастақта жаңа саxна ашылғалы жатыр

2017 жылғы 30 маусымда сағат 18:30-дан 22:00-ге дейін Тастақ ықшамауданында Дүйсенов/Брусиловский саяжолында жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуына орай мерекелік іс-шара өткізіледі. Көпқызметті жазғы саxнаның құрылысы «көршілер театры» мәдени- әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылды.

«Алматыда аудандар арасындағы мәдени және әлеуметтік бөлінушіліктен гөрі, сыртқы бөлінушілік басымырақ. Көптеген мәдени мекемелер – театрлар, концерттік залдар, қаламгерлік галерея-орталықтардың  барлығы дерлік орталықта орналасқан. Орталықтан алыс аудандардан кешкісін бір жерге шығу өте қиын, ал іс-шарадан кейін өз ауданына қайта оралу тіпті қиын. Бұл ретте Тастақ тұрғындарының театрға сирек баратындары таңғаларлық жағдай емес. Біз бұл жағдайды өзгертуге шешім қабылдадық. Жобамыздың ұраны: Тастақ театрға келмесе, театр Тастаққа барады! Біз көршілес жерде орналасатын театр құрамыз. Оған адамдар тек көруге ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен араласу үшін келетін болады. Бұл театрдың ерекшелігі – оның біздің және жергілікті тұрғындардың біріккен күшімен жасалуында. Тастақтықтардың жобаны құруға және қоғамдық кеңістіктің құрылысына қатысуы жетістіктің кепілі. Сахна адамдардың меншігіне айналады және оған олар қамқорлық жасайды. «Көршілер театры» тұрақты интернет қоғамдастықты құруға бағытталған. Тастақта қоғамдастық құру біздің басты мақсатымыз болып табылады» – дейді «Көршілер театры» жобасының үйлестірушісі Алеся Нугаева. 

«Көршілер театры» жобасы Сорос-Қазақстан қорының Urban Forum Almaty алаңымен серіктестікте ұйымдастырылған Алматы қаласындағы орталықтан тыс аудандарды дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған байқауының жеңімпазы. «Көршілер театрының» мәдени және білім беру бағдарламасын ұйымдастырумен әлеуметтік перфоманс (көпшіліктің алдында өнер көрсету) форматында жұмыс істейтін «И.Л.И.» playback-театры айналысады.

«И.Л.И.» труппасының арт-менеджері Евгения Абкеева, жоба жайында өзінің ойымен былай бөліседі: «Көршілер театрында» мені жергілікті қоғамдастықты құру мүмкіндігі қызықтырады. Себебі әрқайсысымыз достарымызбен, көршілерімізбен  әңгімелесе алатын, маңызды немесе жағымды оқиғалармен бөлісіп, жалпыға ортақ мәселерді шешуге мүмкіндік беретін жеке кеңістігіміздің болғанын қалаймыз. Егер де осындай қоғамдастықты құра алатын болсақ, ондағы адамдардың өмірі әлдеқайда қызықты әрі жеңіл болар еді. «Көршілер театрының» екінші тартымды жағы – мәдени бағдарламасының мазмұндылығы мен қарқындылығы. Адамдарға басқа жаққа барып тіркелуге, оған ақша төлеуге қажет емес болады. Қаланың мәдени өміріне үңілу үшін өз ауласына шығып, жолдан өтсе болғаны. Әр апта сайын «Көршілер театрына» қызықты адамдар келіп өздерінің білімдерімен, дағдыларымен, ақпаратымен бөліседі және мастер-кластар өткізеді. Жаз бойына аудан тұрғындарына мәдени, рухани азық жинауға толық мүмкіндіктері бар. Баламды босанғаннан кейін мен осының бәрі менің ауламда өтсе екен деген арманым бар. Онда маған автобусқа отыруға немесе такси шақыруға,уақытымды босқа жұмсауға қажет болмас еді. Шықсам болды, фестиваль менің тереземнің астында. Осы менің арманым. Алайда, жақын арада оның жүзеге асуы мүмкін емес. Менің туып-өскен жерім Тастақ болғандықтан, біздің жоба осы ауданда жүзеге асырылатыны мен қатты қуантады».

Сахнаның салтанатты ашылуында жобаның серіктестері мен ұйымдастырушылары, қоғам қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, Алмалы әкімдігінің өкілдері және Сорос-Қазақстан қоры, «Урбан Форум Алматы» спикерлері қатысады.

«Көршілер театры» мәдени-әлеуметтік жобасы Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен «EcoKultura» қоғамдық қорымен жүзеге асырылады.

Толық ақпарат алу үшін келесі байланыс арқылы хабарласуға болады:

Әлеуметтік желілердегі «Көршілер театры»

www.facebook.com/neighborstheatre

https://vk.com/neighborstheatre

https://www.instagram.com/neighborstheatre

Алеся Нугаева — жоба үйлестірушісі

+77077008258
dvorproject@gmail.com

Евгения Абкеева – И.Л.И.плейбэк-театрыныңарт-менеджері
+77771976665
starzhenya@gmail.com

Алина Абилкаламова — контент

+77004182565

abilkalam@yandex.ru