Әйгілі құқық қорғаушының көптен күтіліп отырған бостандыққа шығуы Қазақстанның азаматтық қоғамы мен халықаралық қауымдастық үшін айрықша маңызды оқиға болмақ.
Дегенмен, аталмыш рақымшылық актісі осындай жағдайға тап болған кез-келген азаматқа қатысты бірегей және әділетті сот қағидаларын ұстану мәселесін шешпейді.
Мемлекет заңдарын әділетсіз әрі таңдамалы негізде қолдану тәжірибесі қоғамның құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенімсіздігін одан әрі үдете түсуде.
ҚР Конституциясында бекітілген заң алдында баршаның теңдігі қағидасын ұстана отырып, Сорос-Қазақстан Қоры Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ашықтығын, бейтараптығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуге үндеу жолдайды.