OGP-ға мүше елдер ашық басқару қағидаларын енгізіп, өздеріне мемлекеттік қаржының ашықтығын арттыру, азаматтарды шешім қабылдауға тарту, жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша міндеттемелерді алады. OGP-ді жүзеге асыру үшін үкімет пен азаматтық қоғамның тұрақты әрі тиімді әрекеттесуін жүзеге асыру керек. OGP туралы толық ақпаратты http://www.opengovpartnership.org сайтынан ала аласыздар.
Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанның әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсатына қолжеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметін «Ашық үкімет» серіктесіне қосылуға шақырады. Өз тарапымыздан біз осы процеске қатысатын ұйымдарға біліктілік, плюрализм және инклюзивтілік қағидалары негізінде қолдау көрсетуге дайынбыз.