23/01/2012
ӨӨАБ халықаралық басқармасы Қазақстанның үміткер-елдің мәртебесін 2013 жылдың 15 тамызына дейін ұзартуда
23/02/2012

Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылық кеңесінің 2011 жылғы 28-желтоқсан күні ҚР Парламенті Сенатының «Телерадиохабар тарату туралы» Заңды қабылдауына қатысты мәлімдемесі

2012 жылғы 11-қаңтар – Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылық кеңесі 2011 жылғы 28-желтоқсанкүні ҚР Парламенті Сенатының «Телерадиохабар тарату туралы» Заңды қабылдауына байланысты алаңдаушылық білдіреді.

Өкінішке орай, «Телерадиохабар тарату туралы» Заңның ақырғы нұсқасында Қазақстанның қоғамдық және басқа ұйымдарының, соның ішінде ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі жанындағы жұмыс топтарының отырыстарына қатысқан ұйымдардың маңызды ескертулері есепке алынбаған.

Аталған құжатта сондай-ақ өздерінің сараптамалық қорытындыларында Заң мәтінінің Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келмейтінін атап көрсеткен ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі Өкілінің, ARTICLE 19 ұйымының ұсыныстары мен сын-пікірі назарға алынбаған.

Заңның осы нұсқасы отандық телерадиохабар тарату ісінің дамуына ықпалдаспайтыны айқын. Себебі ол нарықты жаба отырып, бәсекелестік өрісті күрт тарылтады, мемлекет тарапынан жасалатын қысымды күшейтіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстың орын алуына мүмкіндік туғызады.

Ал заңның міндеттерінің бірі ретінде мәлімденген теледидардағы зиянды мазмұнға қарсы күрес қолданыстағы заңнаманың шеңберінде едәуір пәрменді түрде жүргізіліп келеді.

Біз отандық медиа-нарықтың табысты дамуы тек жұртшылықтың белсене қатысуымен жүзеге асырылатын либералды заңнама шеңберіндегі ашық тең құқылы бәсекелестік ортада ғана мүмкін екендігіне кәміл сенеміз.

Сорос-Қазақстан Қоры ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының және еліміздің медиа-жұртшылығының ұстанатын тұрғысын қолдап, «Телерадиохабар тарату туралы» Заңға вето салуға шақырад