Бюджеттің ашықтығы, есеп берушілігі мен қоғамның бюджеттік процеске қатысуы үшін Жаһандық қозғалысы www.globalbtap.org сайтын іске қосты. Бұл сайт бюджеттің ашықтық қағидалары мен механизмдерін алға жылжытатын әлем белсенділері үшін пайдалы ресурс болып табылады.
Бюджеттің ашықтығы, есеп берушілігі мен қоғамның бюджеттік процеске қатысуы үшін атты Жаһандық қозғалысқа бюджеттік саралау мен мониторинг саласында жұмыс істейтін әлемнің 50-ден астам елінен белсенділері мен азаматтық қоғам ұйымдары қатысады. Сорос-Қазақстан Қоры осы қозғалыстың негізі қаланған уақыттан бері белсенді мүшесі болып келеді.
Қозғалыс қызметі бюджеттің ашықтығын арттыруға, адам құқықтарын жүзеге асыру мақсатында қоғамның бюджеттік процеске қатысуын қамтамасыз етуге және есеп берушілікті дамытуға бағытталған. Осы қозғалыстың негіз қалайтын қағидалары Танзанияда 2011 жылғы қараша айында қабылданған Бюджеттің ашықтығы, есеп берушілік және қатысу бойынша Дар-эс-Салам Декларациясында баяндалған.