22 маусым күні Астана қаласында PaperLab пікірталас клубының «Үлкен қаладағы спорт немесе Астананы бұқаралық спортқа ыңғайлы әрі қолайлы қала етіп қалай жасауға болады?» тақырыбындағы алғашқы кездесуі өтеді. Кездесу барысында қаланы жоспарлау және заманауи урбанистика негізіндегі бұқаралық спортты дамыту, заманауи жоғары өмір ырғағындағы қалалардағы спортты дамыту артықшылықтары сынды мәселелер қозғалады.
PaperLab дискуссиялық клубының форматы теоретикалық және практикалық дискурстарды үйлестіруді, зерттеулердің презентацияларын, белсенділер мен іскелердің тәжірбиесін біріктіруді көздейді. Клубтың кездесулері әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылау мен шешімдер шығару мақсатында ұдайы түрде өткізіледі.
Алғашқы кездесудің спикерлері:
Іс-шара 2016 жылғы 22 маусымда сағ. 17.00 Тауелсiздiк, 34 (Astana Mall), 3 қабат, Multispace Coworking, «Амфитеатр» залында өтеді.
Дамыған мемлекеттердің тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, адамдарды спорттық өмір салтына қатыстыруда қалалық кеңестікті тиісінше жайластыру маңызды орын алады. Бұл ретте спорттық инфрақұрылымды салу емес, спортпен шұғылдануды ыңғайлы етуге арналған территорияны әрдайым жетілдіруді көздейтін тұжырымдамалық тәсіл маңыздырақ. Бұл өз алдына, жергілікті бастама мен барлық тараптардың қолдауына сүйене отырып жүзеге асады. Осы ретте, қалалық жоспарлау мәселесін Астана қ. мен жалпы мемлекет шеңберіндегі бұқаралық спортты дәріптеу байламында талқылау ұсынылады.
Іс-шараға қатысу және БАҚ-қа тіркелу үшін төмендегі байланыс тұлғаларына хабарласа аласыздар: info.paperlab@gmail.com немесе Александра Цай +77017350023.
Шара Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен өткізіледі.