23/05/2016
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялау күніне жыл толуына орай
23/02/2016
Сорос-Қазақстан қорының Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты мәлімдемесі
29/06/2016

Сорос-Қазақстан қорының 2016 жылғы 21 мамырда орын алған адам құқықтарының бұзылуына байланысты мәлімдемесі

Сорос-Қазақстан қоры 2016 жылғы 21 мамыр күні орын алған құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан адам құқықтарының көптеп бұзылуына қатысты өзінің алаңдаушылығын білдіреді.

Құқық қорғау органдары Қазақстанның бірқатар қалаларында шерудің алдын алу мақсатында адам құқықтарын және заңнаманы қатаң бұза отырып жаппай ұстаулар жүргізді. Ұсталған адамдарға ұзақ уақыт бойы қамау шарасы қолданылып, оларға кезекші адвокат және құқық қорғаушылармен хабарласу мүмкіндігі қамтамасыз етілмеді.  Құқық қорғаушыларға қатысты ұстау шарасын профилактикалық мақсатта қолдану Қоғамдағы жеке адамдар, топтар мен органдардың көпшілік мойындаған адам құқықтары мен  негізгі бостандықтарын қорғау және ынталандыру құқығы мен міндеттері туралы БҰҰ декларациясының ережелеріне қайшы келеді.

Азаматтардың ақпаратқа қолжетімділік құқығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді алған мемлекет оқиға орын алған жерде өз кәсіби міндеттерін атқарған журналистерді ұстауға жол бермеуі тиіс.

Сорос-Қазақстан қоры Қазақстан Республикасы үкіметін, әсіресе, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы Қазақстанның мемлекеттік есебін қорғау қарсаңында адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын іс жүзінде қамтамасыз етуге үндейді.