Астана, 2014 ж. 12 ақпан, 11.00 – “Балам-ай” қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдау көрсетуімен менталдық ақаулары бар жастарды қоғамға ықпалдастыруға бағытталған “Әлеуметтік үй” жобасын іске асырды.
Психоневрологиялық патологиясы бар бозбалалар мен бойжеткендер сегіз ай бойы «Әлеуметтік үйде» тұрды, мұнда олардың әрқайсысымен жеке түрде және топта орталықтың мамандары, еңбек терапевтері мен әлеуметтік жұмысшылар жұмыс жүргізді. Жоба аясында жүргізіліп отырған шаралар қатысушыларға стандарттық әлеуметтік-мәдени жағдайларға бейімделуге мүмкіндік берді.
«Еңбекпен үйрету аясында оқушылардың бойында жақсы қасиеттер пайда болады, олар азамат ретінде қалыптасады, өз бетінше өмір сүруге моральдік-психологиялық тұрғыдан дайындалады», – дейді “Балам-ай” ҚҚ директоры Әсел Есмағамбетова.
«Менталдық ауруларға шалдыққан адамдарға арнап баламалы қызмет көрсету түрлерін құру осындай кеселге шалдыққан адамдарға қоғамның өмірінен тыс қалмауға және таңдау мүмкіндігінен айырылып қалмауға мүмкіндік беру болып табылады. “Балам-ай” ҚҚ-ның жобасы денсаулығында мұндай бұзушылықтары бар адамдарға олардың өміріне отбасы қатысқан жағдайда қоғамға ықпалдаса алатынын көрсетуде», – дейді Сорос-Қазақстан қоры жобасының үйлестірушісі Айнұр Шәкенова.
Бекітілуі 2014 жылы күтіліп отырған БҰҰ-ның Мүгедектердің құқығы туралы конвенциясының 19-бабында мүмкіндігі шектеулі барлық адамдардың кәдімгі тіршілік орындарында өмір сүру құқығы мойындалған, және мемлекеттің осы құқықты толығымен іске асыруға, сондай-ақ мұндай адамдардың қоғамдық өмірге толықтай ықпалдасуы мен тартылуына ықпал ету міндеті жайлы, яғни әлеуметтік ықпалдасу құқығын іске асыру жайлы айтылған. Осы идеяны ұстана отырып, «Балам-ай» ҚҚ өз жұмысын Венгрия мен Эстонияның тәжірибесіне негізделе отырып жүргізуде, аталмыш елдерде жабық түрдегі психиатриялық интернаттардың баламасы ретінде менталдық ауруға шалдыққан адамдарға арнап шағын орталықтар, клубтар мен үйлер ашылған. Бұл жобаны іске асыруда «Әлеуметтік Үй» моделін ендіру мақсатында Астана қ. «Балам-ай» әлеуметтік үйінің құрылысына арнап жер телімін бөліп беру туралы жобалық ұсыныс жіберілген болатын. Нәтижесінде Астана қ. әкімі Ильинка кентінен 50 сотық жер бөліп берді (бұл аудан қаладан 10 минуттық жерде экологиялық таза аймақта орналасқан).
Тілшілер мен БАҚ-тың назарына:
Қосымша ақпарат алу үшін жобаның үйлестірушісі Сандұғаш Сейтахметоваға хабарласыңыз: Тел.: +7 (7172) 42 38 12, Ұялы: 8 707 0600237