09/01/2014
“Қазақстан ірі планмен-2013” фотобайқауының қорытындысы
12/12/2013
«Толеранттылық» тақырыбына арналған карикатура бәйгесінің аралық қорытындысы
04/02/2014

Сорос-Қазақстан қорының жаңа стратегиясы

Ағымдағы жылдың қаңтарында Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) 2014-2017 жылдарға арналған жаңа стратегияны жүзеге асыра бастайды. Жаңа стратегия аясында Қор өзі үшін дәстүрлі болып табылатын адам құқықтары, мемлекеттік қаржының ашықтығы, БАҚ дамуы мен жастар бастамаларын қолдау саласындағы жұмысты жалғастырумен қатар, «Қоғамдық саясат», «Жергілікті бюджет» және «Баршаға ашық қоғам» сынды жаңа бағдарламалық бағыттарды іске қосады.

«Алдағы төрт жылға Қор өз алдына жаңа бағдарламаларда көрініс тапқан үлкен мақсаттарды қойып отыр», – дейді СҚҚ-ның Қамқоршылар Кеңесінің Төрайымы Наргис Қасенова. «Бұл Қазақстанда қоғамдық саясаттың дамуы, психикалық бұзушылықтары бар адамдардың қоғамнан оқшаусыз өмір сүру, оқу және жұмыс істеу құқын жүзеге асыру, сонымен қатар жергілікті деңгейде бюджеттің ашықтығы мен есептілігінің үздік тәжірибелерін жасауға атсалысу болып табылады. Сондай-ақ СҚҚ Жаңа стратегияда теңдік, әділдік, адам құқықтарын сақтау, мемлекеттік қаржының ашықтығы, толеранттылық пен азаматтық белсенділікті арттыру саласындағы сабақтастықты нығайту жолындағы жұмысын жалғастырады».

Сорос-Қазақстан Қорының бағдарламалары мен бастамаларының сипаттамасымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар