28/08/2013
Атырау облысы аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындысы
19/08/2013
Диффамация үшін қылмыстық жауапкершілік әкімшілік жауапкершілікпен ауыстырылуы керек
09/09/2013

Баспасөз мәлімдемесі «ҮЕҰ менеджменті – жаңа деңгейге өту» дөңгелек үстелі

Алматы, 2013 ж.28 тамыз (10.00 ден 12.00 ге дейін) – «Шығыс-Батыс ЖИТС қоры» (AFEW) Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен, Қазақстандағы алғашқы ҮЕҰ ұйымдық дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар жинағының тұсаукесерін өткізді.

Жинаққа «Бастамашылық топтан кәсіптік ұйымға дейін» және «ҮЕҰ-дарда стратегиялық жоспарлау» тәжірибелік оқу құралдары кіреді. Материалдар Қазақстанның бастамашылық топтарға және жаңадан бастап жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдық әлеуетті дамытуға, менеджмент жүйесін оңтайландыруға, және ең ақырында, өз бенефициарларына ұсынылатын қызметтер өнімділігін және сапасын жоғарылатуға көмектеседі.

«Жұмысқа деген зор уәждемеге қарамастан, қазақстандық ҮЕҰ-дың басым бөлігі мемлекеттік органдармен байланыстарды орнатумен, кадрлардың тұрақсыздығымен және тұрақты қаржыландырудың болмауымен байланысты зор қиыншылықтарды шегуде. 90% астам жағдайларда, ҮЕҰ гранттық қаражаттар есебінен жұмыс жасайды, яғни – қаржылық тұрақсыз» – дейді жинақтың бас редакторы Виктор Мальчиков. – «Қазақстанға халықаралық донорлар жағынан назардың төмендеуін есепке алғанда, егер тиісті шаралар қолданылмаса, бұл жағдай елдегі азаматтық сектордың құлдырауына сөзсіз әкеліп соғуы мүмкін».

«Бастамашылық топтан кәсіптік ұйымға дейін» алғашқы нұсқау ҮЕҰ-ды заңды тіркеу, ҮЕҰ менеджменті, фандрейзинг, жобалық өтінімдерді әзірлеу, нысаналы топтардың мүдделері мен қажеттіліктерін бағалау туралы ақпараттан, сондай-ақ бастапқы дамыту кезеңінде жұмыс жасайтын ҒӨБ басшылары мен қызметкерлеріне қажетті тәжірибелік кейстерден тұрады. «ҮЕҰ -ғы стратегиялық жоспарлау» екінші нұсқауында PR және HR-стратегияларды ұйымдастыру, әзірлеудің стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша нұсқаулар кезең-кезеңімен сипатталған.

 «ҮЕҰ әлеуетін жоғарылату аясындағы жарияланымдар сапасы мен санын жоғарылатуды ынталандыру Сорос-Қазақстан қорының азаматтық қоғамын дамыту бойынша арнайы бастамалардың қызметтер бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстандық ерекшелікті есепке алып жазылған бұндай оқу құралдары азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін тұрақты жоғарылатудың алғышарты болып табылады», – деп атап өтті Бота АязбаеваСорос-Қазақстан қорының азаматтық қоғамды дамыту бастамалары директоры.  

Жинақты әзірлеуге әлеуетті және тұрақты ҮЕҰ құру мен дамытудың сәтті тәжірибесі бар қазақстандық мамандар қатысты. Жұмыс барысында жас ҮЕҰ көшбасшыларының арасында фокус-топтардың қорытындылары есепке алынған. Баспа және электрондық түрдегі сыйға тартылатын материалдар біздің еліміздің барлық ҮЕҰ арасында таратылады және Ресурстық орталықтарда орындарда қолжетімді болады

Ақпарат үшін: Мемлекеттік статистиканың деректері бойынша, Қазақстанда ресми 25 000 астам ҮЕҰ тіркелген. Олардың ішінен  шамамен 5 000 ұйым өз нысаналы топтардың қызметтерін көрсетуге және нақты мәселелерді шешуге бағытталған.