«Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨӨБ) механизмдерін, оны тиімді енгізу принциптерін талқылау және енгізу барысында туындайтын мәселелер мен сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстарды жасақтауға бағытталған сұхбат алаңын өткізді. Шараға ауыл әкімдері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл кәсіпкерлері, мемлекеттік орган өкілдері, «Атамекен» ӨКП өкілдері қатысты.
«Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті тұрғындардың жергілікті биліктің шешім қабылдау процессіне (ЖӨӨБ) қатысу белсенділігінің төмендігі байқалады. Аталған жағдай, ЖӨӨБ толық түсінбеу және бұл жөнінде толық ақпараттанбау нәтижесінде болуы мүмкін және бұл тұрғындардың өз ауылын дамытып, көркейтуге деген жауапкершілгінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. ЖӨӨБ ауыл әкімдерінің тұрғындармен тығыз серіктестік орнатып, ауыл тұрғындарын шешім қабылдау процессіне белсенді қатыстыруды көздейді, алайда, бұл механизм іс жүзінде көрініс таппай отыр. Осыған орай, барлық мүдделі тараптардың әлеуетін көтеру және тұрғындардың өз ауылын дамыту бойынша белсенді араласу тәжірибесін көрсету қажеттілігі туындайды», – деді Жібек Ахметова, «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті
Осы ретте «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» ЗТБ алдынғы жылдан бері жергілікті билік органдарын, жергілікті қауымдастық мүшелерін және қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, жергілікті деңгейде ЖӨӨБ дамытуға бағытталған «Маңғыстау облысының қоғамдастық мүшелерінің, жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттестігін күшейту» атты жобасын жүзеге асыруда. Жоба Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.
«Жергілікті өзін-өзі басқару тұрғындарды өз жауапкершілігімен жергілікті мәселелерді шешуге тартудың маңызды механизмі болып табылады, бұл халықтан ақпараттандырылуды және санасының түсінуімен қатысуды талап етеді. ЖӨӨБ реформаларын әрі қарай сәтті жүзеге асыру үшін заңдарды қабылдау ғана емес, сонымен қатар ЖӨӨБ органдарын солармен жұмыс жасауды үйрету маңызды», – деді Әйнел Қайназарова, Сорос-Қазақстан Қорының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі.
Жоба аясында жергілікті мәселелерді шешу және ауыл өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған ең үздік тәжірибелер мен бастамаларды анықтау мақсатында «Ең үздік ауылдық бастама» атты байқауы өтіп, нәтижесінде ең үздік 5 бастама қаржылық қолдауға ие болды. Қазіргі таңда барлық 5 жоба жергілікті қауымдастықтың қатысуымен сәтті жүзеге асырылды.