2011 жылы Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) 2008-2011 жылдары СҚҚ басқарма төрайымының қызметін атқарған Анна Александрова атындағы арнайы гранттың бекітілуіне ұйытқы болды. Соның жетекшілік етуімен Қор жаңа стратегия қабылдаған, аталмыш стратегияға сәйкес әлеуметтік әділеттік пен толеранттық мәселелері Қор басымдылықтарының арасында ерекше орынға ие болды. Бүгінде Аннаның арамызда жоқ екендігіне қарамастан, Қордың Қамқоршылық кеңесі Анна Александрованың атындағы арнайы грант бөлу туралы шешім қабылдады. Ол жыл сайын әлеуметтік әділеттік идеялары мен ұстанымдарын насихаттап жүрген қоғамдық белсенділерге тағайындалып отырады.
Бұл инъекциялық есірткілерді қолданушылар, сексуалды азшылықтар, кәмелетке толмаған құқық бұзушылар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалар тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған. Анна Александрова өз өмірін дәл осы әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауға арнаған болатын.
«Аннаға әділеттік, бейжай қарамаушылық сезімі және біздің әлемді жақсы жағына қарай өзгерте алатынымызға деген сенім тән болатын. Оның өз ісіне деген қызығушылығы, керемет жұмыс қабілеттілігі, және жоғары кәсіби деңгейі бізге күш-қуат пен энтузиазм беретін», – дейді СҚҚ Қамқоршылық Кеңесінің Төрайымы Наргис Қасенова.
2012 жылғы байқаудың қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңес келесі азаматтық белсенділерді қолдау туралы шешім қабылдады:
2013 жылға арналған АннаАлександрова атындағы грант байқауы жаңа жылдың басында жарияланады. Байқаудың бюджеті1 500 000 теңгені құрайтын болады, соның шеңберінде тағы 2 грант бөлінеді деп жоспарлануда.
Барлық қосымша сауалдарыңыз бойынша мына деректемелер бойынша хабарласыңыз:
Бота Аязбаева, Азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі директор, 8 777 220 7894, e-mail: bayazbaeva@soros.kz
Әйнел Қайназарова, Қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестіруші, 8 777 244 7763, e-mail: akainazarova@soros.kz