15/03/2016
Алматының дамуына бағытталған жобалар байқауының қорытындысы
23/02/2016
Анны Александрова атындағы гранттық байқаудың қорытындысы
29/04/2016

Деинституализация жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған «Баршаға ашық қоғам» бастамасы байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан Қоры «Баршаға ашық қоғам» бастамасы аясында өткен жылдың соңында менталдық ауытқулары бар ересек адамдарды қоғамға бейімдеу және баламалы қызметтерді ұйымдастыру, деинституализациялау бойынша жобаларды іске асыруға  байқау жариялаған болатын.

Байқауға 28 өтінім келіп түсті. Бастаманың сарапшылар комитеті келесі байқау жеңімпаздарын таңдады:

  1. ««Балам-ай» мүгедек-балаларды қолдау қоры» ҚҚ, Астана қаласы.
  2. «Көңілді фермер» жобасы, мақсаты – Қазақстанда менталды ауытқуы бар адамдардың еңбек етіп, әрі тұруға болатын ең алғашқы фермасын құру.
  3.   2. «Есірткіге қарсы дәрігерлер», ҚҚ, Павлодар қаласы.
  4.  «Әлемді мейірімдірек етеміз!» жобасы, мақсаты – ҚР психиатрия және әлеуметтік қызмет өкілдерін менталды ауытқуы бар адамдарды оңалту бойынша жаңаша тәсілдерге оқыту.
  5.   3.”Кеңес” мүгедектер ҚБ, Алматы қаласы.
  6. «Бізге мүмкіндік беріңіздер» жобасы, мақсаты – менталды ауытқуы бар адамдар үшін жұмыспен қамту орталықтарын ашу бойынша семинарлар ұйымдастыру.
  7.   4.«Азамат Әлеуеті» ҚҚ, менталды ауытқуы бар тұлғаларды қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамту, кәсіби еңбекке даярлау, әлеуметтендіру бойынша интернаттарға альтернативті қызметтер көрсететін ұйымдар қатарын құру жөнінде жоба.
  8.   5.«Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер және волонтерлер ассоциациясы» ҚБ, Алматы қаласы. «Менталды ауытқауы бар тұлғаларды жұмыспен қамту үшін альтернативті қызметтерді дамытуды жоспарлау» жобасы, мақсаты – менталды денсаулығында мәселелері бар қазақстандықтардың қоғамдағы өмір сүру мен еңбек ету құқығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
  9.   6.””Исток” балалар мен жастардың шығармашылық орталығы» ҚБ, Семей қаласы. «Күншуақты қала» жобасы, мақсаты – менталды ауытқуы бар адамдар үшін еңбекке баулу клубын ашу.
  10.   7.””Шырақ” мүгедек-әйелдер ассоциациясы» ҚБ, Алматы қаласы. «Менталды ауытқуы және үйлескен зақымдары бар тұлғалардың мүмкіндіктерін күшейту» жобасы, мақсаты – менталды ауытқуы және үйлескен зақымдары бар жас адамдар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік пәтер түріндегі «қорғаныс» тұрақты орны мен екі еңбекпен емдеу шеберханасын құру.
  11.   8.«РУХ» жастар бірлестігі» ҚБ, Алматы қаласы. «Менталды ауытқуы бар 18 жастан асқан азаматтардың және балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру мәселелері бойынша форум» жобасы, мақсаты – менталды ауытқуы бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік оңалту мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Тағы екі жоба – «Қазақстан бойынша Training кафе жүйесін дамыту үшін мамандарды даярлау» («Психоаналитикалық ассоциациясы» ҚБ) және «Қазақстан Республикасындағы психикалық ауытқуы бар пациенттерге оңалту көмегін көрсету жүйесін жетілдіру» («Адам денсаулығы институты» ЖҚБ) қайта қарауға жіберілді.

Сорос-Қазақстан Қоры барлық байқауға қатысушыларға алғыс білдіреді және алда сәттіліктер мен жаңа қызық идеялар тілейді!