21/10/2013
Әлеуметтік қысқаметражды кино байқауының қорытындысы
06/08/2013
«БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы байқауларының қорытындысы
29/11/2013

Журналистерге арналған стипендиалық бағдарлама бойынша байқау қорытындылары

Сорос-Қазақстан Қоры күрделігіне байланысты жетекші БАҚ-тарда жеткілікті түрде айтылмай жүрген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қызығушылық танытып отырған теле-, радио- және баспа БАҚ-тардың тілшілеріне, сондай-ақ фотокорреспонденттерге қолдау көрсету мақсатында үстіміздегі жылдың маусым айында «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы аясында «Қазақстандық БАҚ тілшілеріне арналған стипендиалық бағдарлама» байқауын жариялаған болатын.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 27 сұраным келіп түсті. Бағдарламаның Сарапшылар Комитеті келесі сұраным берушілердің сұранымдарын қолдады:
  1. Букеева Ардақ Шапаевна, «Forbes-Казахстан» журналының қазақстандық бизнес редакторы
  2. Көшкенова Айжан Жеңісовна, «Айқын» республикалық апталықтың саясат бөлімінің шеф-редакторы;
  3. Панченко Татьяна Владимировна, «Республика» порталының әлеуметтік саясат бөлімінің редакторы;
  4. Рыбалко Мария Петровна, «Курс» газетінің редакторы;
  5. Барановский Сергей Валерьевич, «Деловой Казахстан» республикалық газетінің Жамбыл облысы бойынша тілшісі;
  6. Владимирская Валентина Викторовна, «Мегаполис» республикалық газетінің қаржы сарапшысы;
  7. Вержбицкая Наталья Станиславовна, «Вечерний Алматы» қалалық газетінің білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша сарапшы.

«БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы және Сарапшылар комитеті байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреді және шығармашылық табыс тілейді.