26/07/2017
Алматы және Қостанайда ерекеше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына кеңестер өтеді
20/07/2017
Қазақстанға мүгедектігі бар адамдардың құқы жөніндегі арнайы баяндамашы келді
11/09/2017

Деректі фотосуреттер бойынша байқаудың қорытындысы

 Деректі фотосуреттер мен визуалды сторителлинг жөніндегі тренингке қатысуға жарияланған байқаудың нәтижесі белгілі болды.

Жоба Сорос-Қазақстан қоры «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының қолдауымен NOOR және MediaNet қорларымен жүзеге асуда. Жоба мақсаты – жас қазақстандық фотографтарына қолдау көрсету және фото-әңгіменің тұжырымдамасын, редакциясын, презентациясын дайындау дағдыларын, әдістерін және этикалық қағидаларын үйрету. Байқау жеңімпаздары NOOR фотографтарының және NOOR білім беру бағдарламасының куратор-түлектерінің басшылығымен әлеуметтік тақырыпқа арналған фото-әңгімелермен жұмыс жасайтын болады.

Барлығы байқауға 50-ден астам сұраным келіп түсті, олардың арасынан халықаралық сарапшылар 10 жеңімпазды таңдап алды. Олар:

  1. Олег Битнер
  2. Тимур Эпов
  3. Зарина Гайнулина
  4. Марина Гринкевич
  5. Бахтияр Келіс
  6. Виктория Ли
  7. Бек Маратов
  8. Санат Оңғарбаев
  9. Владимир Третьяков
  10. Ләйлә Турлыбекова

Біз барлық жеңімпаздарды құттықтап, жемісті оқу мен қызықты тақырыптарды тілейміз!