29/04/2013
Журналистерді қудалауды тоқтату керек
08/04/2013
Қағаз ақшаның басынан кешкендері
15/05/2013

Әлеуметтік зерттеулер байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қорының «Жастар бастамасы» бағдарламасының кезекті байқауы тәмамдалды. Байқау 18-35 жас аралығындағы жастардың өзіне қызықты болып табылатын қоғамның маңызды тақырыптарына әлеуметтік зерттеулерді жүргізуіне қолдау көрсетуге бағытталған болатын.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40-қа жуық жобалар қабылданды. Олардың ішінен бағдарламаның Сарапшылар комитеті 6 сұранымды таңдап алды.

Осылайша, байқау жеңімпаздарының бірі Жанерке Бижан (Тараз) «Қазақстан еңбек нарығындағы жастарды алалау мәселелерін Жамбыл облысының мысалында зерттеу» еңбегі арқылы жастардың жұмыс іздеу мен жұмысқа тұру барысында орын алатын әлеуметтік және еңбектік қарым-қатынасты ашуға тырысады. Зерттеу жас мамандарды алалау мәселелерін жүйелеп, Жамбыл облысының еңбек нарығындағы жастардың жағдайын жақсарту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Ал Алматылық Әсел Рысмендиева «Қамқордан шығу туралы балалар үйі түлектерінің пікірі» атты зерттеу жүргізеді. Осы жұмысы арқылы Әсел біріншіден, балалар үйі түлектерінің тап болатын мәселелері мен Қазақстандағы өзге үйден тыс қамқорлық түрлерін анықтап, екіншіден, түлектердің ұсыныстары арқылы осы мәселелерден шығу жолдарын табуға тырысады.

Шығыс-Қазақстан облысы, Шемонхай ауданы, Волчанка ауылының тұрғыны Мария Рожкованы ауылындағы жастардың еңбекпен қамтылуы мен бос уақытын өткізуі алаңдатады. Осы мәселені зерттеуге «Волчанка ауылының мысалында ауыл жастарының қажеттіліктерін анықтау» еңбегі арналады.

Дана Шаяхмет (Алматы) өз алдына «Алматы қаласында тұратын 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің азаматтық білімі мен мәдениетін анықтау» мақсатын қойды. Алынған мәліметтер жастардың азаматтық белсенділігін көтеруге бағытталған шаралардың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындауға көмектесуі мүмкін.

Павлодарлық Александр Сошниковтың жобасы «Қауіпті аймақтарда (есірткі тұтынушылардың көп бөлігі шоғырланған жерлерде тұру, оқу және бос уақытын өткізу) тұратын 14-22 жас аралығындағы жастардың қажеттіліктерін зерттеуге» бағытталады. Осы зерттеу аясында алынған мәліметтерді мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың назарына ұсынылатын болады. Оның жерлесі Виктория Лойко «Қоғамдағы толеранттылықтың деңгейін анықтау» жобасы аясында діни, ұлттық азшылыққа, бұрын есірткіге тәуелді болған азаматтарға, ВИЧ/СПИД-ке шалдыққан адамдарға деген қоғамның толеранттылық деңгейін зерттейді.

Жеңімпаздарға жемісті еңбек тілейміз, ал байқауға қатысқан барлық жастарға алғысымызды білдіреміз!