Сорос-Қазақстан қоры адвокациондық бастамаларды алға жылжыту мақсатында ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру үшін 2013 жылғы наурызда «Медиа саласындағы ҮЕҰ-дың веб-сайтына редизайн жасау» байқауын жариялаған болатын. Маусым айының басында байқау жеңімпаздары анықталды.
Байқауға барлығы 12 сұраным келіп түсті. Олардың ішінен «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының Сарапшылар комитеті 4 жобаны мақұлдады.
- Солтүстік-Қазақстан құқықтық медиа-орталығы ҚҚ
- Қазақстан телерадиотаратушылардың Ұлттық қауымдастығы
- «Мінбер» қазақтілді журналистерді қолдау орталығы
- Гүлмира Нұртазина Серікбаевна, «Қостанайдағы журналистика саласында дарыны бар балалар үшін шығармашылық орталық»