Алматы, 2016 жылғы 30 мамыр – Қазақстан Республикасында денсаулығында психикалық және менталдық бұзушылықтары бар адамдарға баламалы қызметтерді дамыту және әлеуметтік интеграциялау мәселелерін БАҚ-та үздік жарықтандыру бойынша журналистер арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анықталды.
Байқау «Қазақстан Республикасында денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдарға баламалы қызметтерді дамыту және әлеуметтік интеграциялау келешектері» жобасы аясында өткізілді. Жоба 2015-2016 жж. «Аман-саулық» ҚҚ-мен Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығымен серіктестікте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Сорос-Қазақстан Қоры грантының қаражатына жүзеге асырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты қоғамның денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдардың өмірі, мәселелері, мүдделері мен қажеттіліктері, олардың құқықтары, әлеуметтік бейімделуі және оңалуы туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру болып табылады.
Материалдарды қарастыру және бағалау үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық және Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталықтарының және Сорос-Қазақстан Қорының өкілдері кірген байқаулық комиссия құрылды.
Байқауға ұсынылған материалдар 2015 жылғы сәуір айынан желтоқсан айына дейін бірқатар республикалық және аймақтық баспасөз басылымдарында, теле-радио арналарының эфирінде және Интернет-басылымдарда жарияланған болатын. Байқаулық комиссияның қарауына 3 жүлделі орынға 33 жұмыс жіберілді.
Байқау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында неғұрлым толық және әділ ашқаны үшін үш журналист үздік деп танылды.
Келесі журналистердің жұмыстарыжеңімпаз деп танылды:
I орын – Анна Яломенко («КТК» телеарнасы: «Особый пациент»);
II орын – Айбек Тасқалиев («Ақтөбе» газеті: «Қуанышқа ұласқан қиындық»);
III орын – Алла Белякина («Караван» газеті: «Психиатрическая служба: Ни денег, ни зданий, ни престижа»).
Байқау жеңімпаздары Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
I орын – 75 000 теңге
II орын – 50 000 теңге
III орын – 25 000 теңге