20/05/2019
Қазақстандағы әлеуметтік қалалық жобалар байқауының аралық қорытындысы
20/05/2019
Алматыда Интернеттегі бостандық пен адам құқығы талқыланды
21/05/2019

Анна Александрова атындағы байқау нәтижесі

Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында Сорос-Қазақстан қорының бұрынғы басқарма басшысы Анна Александрова атындағы грантқа байқау өткізген болатын. Анна Александрова (1976-2011) өз өмірін әлеуметтік әділдік және адам құқықтарын қорғау қағидаларын жылжытуға арнады.

Аталмыш жыл сайынғы байқау Сорос-Қазақстан қорының қамқоршылар кеңесімен халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау саласында азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында бекітілді.

Барлығы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 40 сұраным келіп түсті. «Адам құқықтары» бағдарламасының Сарапшылар кеңесі сұранымдарды қарастыру нәтижесінде «Мой дом» ҚҚ-ның «Үлкен өмірге жол» жобасын қолдады. Жоба мақсаты  – Теміртау қаласының балалар үйі түлектерінің үй алу, жұмысқа орналасу, білім беру және денсаулық сақтау қызметтеріне қолжеткізу мәселелеріндегі мүдделерін алға жылжыту.