16/11/2021
«Бізге «біз» туралы кітап қажет»: қазақстандық жазушылар энциклопедиясы қалай жазылды?
07/11/2021
«Бюджет мол – мәселе сол» карикатулар жинағы
21/02/2022

Қазақстанның көп балалы отбасылары: экономикалық жағдайы, мүмкіндіктері және оларды үкіметтің күн тәртібіне енгізу

Басылымды «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (Applied Economics Research Centre)» ЖШС қызметкерлері Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен дайындады.


Бұл есеп Қазақстанның 14 өңіріндегі далалық әлеуметтік сауалнамалардың қорытындыларын, сондай-ақ көп балалы отбасылардың жағдайына әсер ететін ресми статистика, саясат және практика деректерін талдауды қоса алғанда, ғылыми-қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін қамтиды. Қазіргі уақытта заңды тұрғыда көп балалы отбасылар термині бар, бірақ іс жүзінде көп балалы отбасылардың нақты жағдайы мен олардың әлеуметтік портреті туралы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер жоқ. Мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыру саясатын жүргізіп жатқанына қарамастан, бұл көп балалы отбасылар тап болатын мәселелерді шешпейді. Бұл зерттеуде көп балалы отбасылардың тұтас әлеуметтік-демографиялық портретін қалыптастыруға және олар күнделікті тап болатын сын-тегеуріндерді талдауға талпыныс жасалды.

Зерттеудің түпкі мақсаты Қазақстанның мемлекеттік органдарының назарын неғұрлым осал жағдайдағы және өзінің адами және экономикалық әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктері аз көп балалы отбасылардың проблемаларына аудару болып табылады. Бұдан басқа, есеп қаралып отырған проблемаларды шешуге тартылған, сондай-ақ инклюзивті даму проблемаларына қызығушылық танытқан мемлекеттік емес ұйымдар, бизнес және оқырмандардың кең ауқымы арасында ақпаратты таратуға бағытталған.

Зерттеудің толық нұсқасымен төмендегі сілтемеден таба аласыздар:

Қазақстанның көп балалы отбасылары: экономикалық жағдайы, мүмкіндіктері және оларды үкіметтің күн тәртібіне енгізу