27/05/2014
ӘРБІР ҚЫЗ БАЛА ҮШІН АМАНДЫҚ ПЕН ҚОРҒАНЫШ
29/04/2014
«1937: Жоқтау – еске алу аймағы» арт-жобасы
30/05/2014

«Оралмандар: Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары»

Астана қ., 27 мамыр – Оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігі мен халықаралық саяси апталық «Түркістан» газетінің ұйымдастыруымен «Оралмандар: Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстелге көші-қон саласына қатысты құзырлы органдардан, көші-қон басқармаларынан, көші-қон полициясынан, ҚР Парламент депутаттарынан, қоғамдық ұйымдардан өкілдер және оралмандардың өздері қатысады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Үкіметтің қазіргі көші-қон саясаты және Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары, көші-қон заңнамалықтарына енгізілетін өзгерістер мен тұрақты тіркеудің шырғалаңдарын жою мәселелерін талқылау.

«Халықаралық саяси апталық «Түркістан» газеті осы мәселені түбегейлі және жиі көтерген ақпарат құралдарының бірі. Жақында ғана газет жанынан құрылған «Алдаспан» интеллектуальды клубының кезекті отырысы «Оралмандар: тұрақты тіркеу неге қиын?»  тақырыбында өтті. Осы отырыста да оралмандардың тұрақты тіркеу мәселесі егжей-тегжейлі талқыланған еді. Қуантарлығы, кездесу өткен уақыттан бір апта өтпестен Қазақстан Үкіметі оралмандар саясатында жақсы бетбұрыстың басталғаны жайында мәлімдеме жасады», – дейді Есенгүл Кәпқызы, «Түркістан» газетінің веб-редакторы, Сорос-Қазақстан қорының Анна Александровна атындағы гранттың иегері. 

Қазақстан этникалық қазақтарды көшіруді 1991 жылдан бастап қолға алғаны белгілі. Алайда оралмандарды тарихи отанына орналастыру, азаматтық алу мәселелері 2000 жылға дейін өз шешімін таппады. Оралмандардың құқықтық проблемаларын реттеу, заңнаманы жетілдіру мәселесі 2000 жылдары ғана жолға қойылды. Алайда 2012 жылы өз сүрлеуін тауып, құқықтық проблемалары шешілді деген көші-қон саясаты күрт өзгеріп,  өзгеше бағыт пен сипат алды. Қазақстанның көші-қон саясаты дағдарысқа ұшырап, оралмандардың азаматтық алу мәселесі төрт жылға дейін шегерілді. Қоғамдық талқылаудың және ақпарат құралдарындағы оралмандар мәселесінің үздіксіз күн тәртібіне шығуы Үкіметтің осы саладағы көзқарасын мүлдем өзгертуге ықпал етуде.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Иманов көшесі 19, /Уәлиханов көшесінің қиылы/   “Алматы” Бизнес-орталығы, 301-кеңсе

Басталу уақыты: 11.00